125-бап. Адамды ұрлау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
- Адамды ұрлау –
төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
6) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгілі әйелге қатысты;
7) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
8) пайдакүнемдiк ниетпен жасалған;
9) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
10) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса;
3) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Ұрланған адамды өз еркiмен босатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы