Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Адамдар тобымен жәбірленушіні өлтiру мақсатында ұрлағаны үшін

Адамдар тобымен жәбірленушіні өлтiру мақсатында ұрлағаны үшін

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Адамдар тобымен жәбірленушіні өлтiру мақсатында ұрлағаны үшін

 Қылмыстық әрекетті қайта саралау Сотталғандардың жәбірленушіні өлтіруге нақты пиғылдары болмауы себепті, олардың әрекеттері ҚК-нің 389-бабына қайта сараланып, тағайындалған жаза мөлшері төмендетілді Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі үкімімен А. бұрын 2006 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 178-бабының 2-бөлігімен сотталып, 2009 жылғы 19 қарашада жазаны толық өтеуіне байланысты босатылған, - ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігінің, 99-бабы 2-бөлігінің 3), 7) тармақтарымен 15 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігінің 1), 4) тармақтарымен 10 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен 1 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігімен түпкілікті 18 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеуге сотталған. ҚК-нің 14-бабы 2-бөлігінің 2) тармағына сәйкес А.-ның іс-әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталануы танылған. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Қылмыстық істің құжаттарына қарағанда, 2015 жылғы 1 ақпанда сотталған А. және (осы соттың 2015 жылғы 24 тамыздағы үкімімен сотталғандар) Ш., Н., С., Е. Қарағанды қаласында орналасқан «Автомотель» қонақ үйінің алдынан «Toyota camry» автокөлігімен жәбірленуші К.-ны ұрлаумен ұштасқан адамдар тобы болып, оны өлтiру мақсатында Қарағанды қаласы, Волочаевская көшесінің бойында орналасқан № 53 үйге қарай бет алған. Аталған мекен-жайға келіп тоқтап, олар жәбірленушінің үйінен шығуын күткен.

Адамдар тобымен жәбірленушіні өлтiру мақсатында ұрлағаны үшін

 Сол кезде А. өзімен бірге көліктің ішінде жоғарыда көрсетілген қылмыстық ниеттерін жүзеге асыру мақсатында заңсыз иемденіп, сақтап және тасымалдаған жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар «Оса» маркалы екі ұңғысыз атыс қарудың біреуін С.-ға, ал екіншісін Ш.-ға оқталған күйінде берген. Сағат 11:30 шамасында аталған үйдің алдында сотталғандар Ш., Н., С., Е. жәбірленуші К.-ны соққыға жығып, оған қатысты қару қолданып, А.-мен алдын ала сөз байласып, адамды ұрлауға бағытталған қылмыстық ниеттерін жүзеге асыра отырып, К.-ны А.-ның көлігіне әкеліп, оны еркінен тыс отырғызған. Жол-жөнекей олардың соңына полиция қызметкерлері түскендіктен және Қарағанды қаласынан шыға беріс жердегі бекет қақпалары жабық болғандықтан сотталған А. жәбірленушіні ұрлаумен ұштасқан адамдар тобы болып, адам өлтіруге бағытталған қылмыстарын өздеріне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткізе алмаған. Алайда, сотталған А.-ның жәбірленуші К.-ны өлтіруге оқталған деген соттың тұжырымы іс материалдарымен дәлелденбейді. Оның Ш., Н., С., Е.-лермен алдын ала сөз байласып, К.-ны өлтіру туралы ақылдасып, оған қатысты жоспар құрғандарын бекітетін бірде бір дәлел анықталмаған. Керісінше, сотталғандар А., Ш., Н., С., Е.-лердің берген жауаптарына сәйкес олар Астана қаласына жұмыс іздеп барып, таба алмаған соң, бесеуі қайтадан Алматыға қайту үшін жолға шыққан. Астанадан кеш шыққандықтан олар Қарағанды қаласына келіп, сол жерде түнеген. Ертеңіне олар жәбірленуші К.-ның біреуге тиесілі қарыз ақшасын талап ету ойымен оның үйіне барып, ұрып-соғып, жарақаттағыш қаруды қолданып, оны автокөлікке күштеп кіргізген, алайда жолда полиция қызметкерлері арттарына түскендіктен жәбірленушіні автокөліктен шығарып жіберіп жан-жаққа қашқандарын айтқан. Бұл орайда, сотталғанның жалғыз ғана қылмыстық ойы болған. Яғни ол жәбірленуші К.-ны күш және қару қолдану арқылы оны ұрлап, қорқытып, сол арқылы қарыз ақшаны қайтарып алғысы келген. Алайда, қарыз ақшаны талап ету мақсатында барғандарын тек сотталғандардың біркелкі жауаптарымен ғана емес, жәбірленушінің өзі де растаған.

Сотта жәбірленуші К. оны сотталғандар ұрып-соғып, еркінен тыс автокөліктің ішіне отырғызғанда, көлікті басқарып келе жатқан А. одан қарызды неліктен бермей жүргендігі туралы сұрағанын, алайда ол оған қарыз еместігін, тек Ч. деген есімді адамға берешек болғанын айтқанын көрсеткен. Қылмыстық істегі барлық дәлелдемелер сотталғандардың ең басында жәбірленушіні өлтіру емес, оны қорқыту арқылы, қарыз ақшаны алу ойлары болғандығын көрсетеді. Олай болса, осындай ниеттің қысқа уақыт ішінде өзгеріп кетуіне сотталғандардың мүмкіндіктері мен себептері де болмағандығы даусыз. Сонымен қатар А., Ш., Н., С., Е.-лер жәбірленушіні өлтіру ойымен келген болса, онда олар ашықтан ашық емес, басқа куәларға көрінбей, жәбірленушіні жасырын және үйінен шыққан сәтте қазаға ұшыратуға толық мүмкіндіктері болған. Бірақ, олар оны тек жеңіл дене жарақаттарын келтірумен ғана шектеліп, автокөлікке отырғызған. Осының барлығы басқа адамдардың көзінше болғандығын жәбірленушінің өзі де айтып көрсеткен. Ол үшін атыс қарудың орнына жарақат келтіруге ғана бейім арнайы резенке оқтарымен атылатын ұңғысыз «Стражник» және «Оса» қаруларын қолданған. Жәбірленуші Қ.-ны өлтіру мүмкіндігі автокөліктің ішінде де болған. Алайда, бесеуі көліктің ішінде оған тиіспей, тек сөзбен ғана қорқытып, қарыз ақша жөнінде сұрағаны іс бойынша бекітілген. Жәбірленушіні өлтіру емес тек оны ұрлап, қарыз ақшаны қайтару мақсатында қорқыту ғана ойы болғандығы Е.-нің жәбірленушіге естіртіп ұялы телефон арқылы «жерді қазып, дайындап қойыңдар, біз келіп қалдық» - деп айтқан өтірік қорқыту сөздерімен бекиді. Ешқандай қазылған шұңқырдың болмағаны іс бойынша даусыз анықталған. Жәбірленуші Қ.-ның өзі де А.-ның нақты біреумен сөйлескенін, не сөйлеспегенін айта алмаған. Алайда, сотталғандардың жәбірленушіні резенке оқтармен 3 мәрте атып, дене жарақаттарын келтіргендігі олардың соңғыны өлтірмек ойы болғандығына дәлел бола алмайды.  Жеңіл дәрежедегі жарақаттарды келтірумен байланысты осындай әрекеттер ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен қамтылады (өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданумен ұштасқан адамды ұрлау). Алайда бірінші сатыдағы сот А.-ның іс-әрекеттерін ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігінің, 99-бабы 2-бөлігінің 3), 7) тармақтарымен қате саралаған. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған А.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, А.-ның қылмыстық әрекеттерін ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 3), 7) тармақтарынан ҚК-нің 389-бабының 3-бөлігіне қайта саралап, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды iшiнара қосу арқылы түпкілікті 11 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуді тағайындады. Оның әрекетінде ҚК-нің 14-бабы 2-бөлігінің 2) тармағына сәйкес қылмыстардың қауіпті қайталануын танығанын өзгертіп, ҚК-нің 14-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстардың қайталануын таныды. Сот актілерінің қалған бөліктері өзгеріссіз қалдырылды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны, сондай-ақ адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып

Тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін ашық жымқырғаны, сондай-ақ адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, қаруды немесе қару...

Толық оқу »

187-бап. Ұсақ-түйек жымқыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

187-бап. Ұсақ-түйек жымқыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп а...

Толық оқу »

Алаяқтық – алдау жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы тергеушіге өтінішхат

Алаяқтық – алдау жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы тергеушіге өтінішхатАлматы қаласы ПД Медеу аудандық полиция басқармасыжанындағы...

Толық оқу »

Төгу, құю, тасымалдау, сондай-ақ жымқыру кезінде ағып кетуге байланысты табиғи кемуге және технологиялық шығындарға байланысты тауардың жоғалуы

Төгу, құю, тасымалдау, сондай-ақ жымқыру кезінде ағып кетуге байланысты табиғи кемуге және технологиялық шығындарға байланысты тауардың жоғалуыТауарды (мұнайды) тиісті нарыққа...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы бөтеннің мүлкін ұсақ ұрлауға қастандық жасау қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамын құрмайды

Қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы бөтеннің мүлкін ұсақ ұрлауға қастандық жасау қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамын құрмайдыЖамбыл облысы Шу аудандық сотының 2017 жылғы 27 н...

Толық оқу »

Лауазымында қызмет атқарып жүріп қызметтік кабинетінің сейфінде сақтауда тұрған бағалы заттарды жасырын түрде жымқырғаны үшін

Лауазымында қызмет атқарып жүріп қызметтік кабинетінің сейфінде сақтауда тұрған бағалы заттарды жасырын түрде жымқырғаны үшінШығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының № 2 сотын...

Толық оқу »

Алаяқтық жасағаны үшін сотталған адамның іс-әрекетін саралау, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында жасалған алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау қате болып табылады, өйткені бұл жағдайда қылмыс құрамы аяқталмаған болып табылады өйткені сотталған көрсетілген ақшаны пайдалана да, билік ете де алмады.

Алаяқтық жасағаны үшін сотталған адамның іс-әрекетін саралау, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында жасалған алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін...

Толық оқу »

Атыс қаруын заңсыз тасымалдағаны, үй-жайға заңсыз кіріп, мүлікті жымқырып қарақшылық жасаған

Атыс қаруын заңсыз тасымалдағаны, үй-жайға заңсыз кіріп, мүлікті жымқырып қарақшылық жасағанТүркістан облысы Арыс аудандық сотының 2020 жылғы 31 наурыздағы үкімімен: Т. бұрын...

Толық оқу »

Бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған

Бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылғанТүркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2020 жылғы 20 мамырдағы үкімімен: Ж. бұрын сотталмаған, Қ...

Толық оқу »

Сотталғанның бөтен мүлікті заңсыз иелену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күш қолданып шабуыл жасағаны дәлелденбегендіктен оның әрекеті бөтен мүлікті жасырын ұрлау деп қайта сараланды.

Сотталғанның бөтен мүлікті заңсыз иелену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күш қолданып шабуыл жасағаны дәлелденбегендіктен оның әрекеті бөтен мүлікті...

Толық оқу »

384-бап. Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi жымқыру, жою, бүлдіру немесе жасыру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

384-бап. Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi жымқыру, жою, бүлдіру немесе жасыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Азаматтың пасп...

Толық оқу »

125-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Адам ұрлау

125-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК Адам ұрлау 1. Адам ұрлау – төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2....

Толық оқу »

Адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы жасалған бөтен мүлікті жасырын ұрлау ұрланған мүліктің құны АЕК мөлшерінің 10 еселенген мөлшерінен аспады бұл сотталғандардың әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқтығын және әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болуын тануға мүмкіндік берді.

Адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы жасалған бөтен мүлікті жасырын ұрлау ұрланған мүліктің құны АЕК мөлшерінің 10 еселенген мөлшерінен аспады бұл сотталғандардың әрек...

Толық оқу »

324-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК құжаттарын, мөртабандарын, мөрлерін ұрлау немесе бүлдіру

324-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК құжаттарын, мөртабандарын, мөрлерін ұрлау немесе бүлдіру 1. Азаматтан паспортты, жеке куәлікті немесе...

Толық оқу »