35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздерi Ветеринария туралы Заңы
1. Мыналарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады:
1) уәкілетті органды ұстауға арналған шығыстар;
2) мемлекеттiк ветеринариялық мекемелердi ұстауға арналған шығыстар;
3) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығыстар;
3-1) осы Заңның 11-бабына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға бекітіп берілген функцияларды орындауға арналған шығыстар;
4) ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы;
4-1) импорттаушы ел өкілдерінің ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бір бөлігін инспекциялауын және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау жүйесінің аудитін қоса алғанда, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру рәсімін ұйымдастыру және жүргізу;
4-2) импорттаушы ел өкілдерінің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын жүзеге асыру мақсатында жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды инспекциялауын ұйымдастыру және жүргізу;
4-3) жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған аса қауіпті, экзотикалық ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
5) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жою;
6) мыналардың:
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
7) ветеринарияда пайдаланылатын Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруды, жүргізуді және күтіп-бағуды қамтамасыз етуге арналған шығыстар.
8) <*>
9) ауыл шаруашылығы жануарларын электрондық тәсілмен сәйкестендіру үшін пайдаланылатындарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сатып алуға арналған шығыстар.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері иелерінің есебінен мыналар орындалады:
1) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткiзу, серияларын бақылау және оларға тiркеу сынағын жүргiзу;
2) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) ветеринариялық-санитариялық сараптама;
4) дегельминтизация, дезинсекция, деразитация, дезинфекция (ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерiндегi дезинфекцияны қоспағанда);
5) уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларын және жануарлардың энзоотиялық ауруларын қоспағанда, инвазиялық ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
6) ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық сертификаттың бланкілерін түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне есепке жатқыза отырып беру, ауыл шаруашылығы жануарларын электрондық тәсілмен сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сатып алу;
6-1) тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген көлемінен тыс іс-шаралар өткізу (өтініш жасалған жағдайда);
6-2) ветеринарияда пайдаланылатын, Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясында сақталуға жатпайтын микроорганизмдердің штамдарын депонирлеу;
6-3) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша референцияларды тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын олардың көлемінен асыра жүргізу (өтініш жасалған жағдайда);
7) жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық зерттеулерді және ветеринариялық дауалауды жүргізу.
3. Осы баптың 1-тармағының 4-2) тармақшасында көзделген іс-шараларды тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен оларды қаржыландыру көлемінен асыра қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңы.
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы