Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 137-1-бап. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

137-1-бап. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

137-1-бап. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 

      1. Жіберуші тарап еңбек шартын не еңбек шартына қосымша келісімді жасасады және жіберуші тарап жұмыскерлерінің өз еңбек шарттарында айқындалған еңбек функцияларын қабылдаушы тараптың мүддесінде, басқаруымен және бақылауымен орындауы үшін жұмыскерлерді қабылдаушы тарапқа жібереді. Жіберуші тараптың жұмыскерлері үшін жіберуші тарап жұмыс беруші болып табылады және осы Кодексте көзделген құқықтар мен міндеттерге ие болады. 

      2. Жіберуші тараптың жұмыскерін қабылдаушы тарапқа жіберуге қабылдаушы тараптағы жұмыстың орындалатын орны көрсетіле отырып, жұмыскер мен жіберуші тарап еңбек шартына не еңбек шартына қосымша келісімге қол қойғаннан кейін жол беріледі. 

      Жіберуші тараптың жұмыскерін қабылдаушы тарапқа ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарды орындау үшін жіберуге қабылдаушы тараптың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері болған, сондай-ақ жіберуші тараптың жұмыскері оның жұмыс орны бойынша осындай нәтижелермен таныстырылған жағдайда жол беріледі. 

      Жіберуші тарап персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде қызметті жүзеге асырған жағдайда, жіберілетін жұмыскердің кәсіптік тәуекел сыныбы "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Жіберуші тарап жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандырылмаған жіберуші тараптың жұмыскерін жіберуге құқылы емес, ал қабылдаушы тарап жұмыс орнына кіргізуге құқылы емес. 

      Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында қабылдаушы тарапқа жұмысқа орналасуға тыйымдар мен шектеулер белгіленсе, онда бұл тыйымдар мен шектеулер жіберуші тараптың қабылдаушы тарапқа жіберілетін жұмыскеріне қолданылады. 

      3. Жіберуші тараптың жұмыскерлерін қабылдаушы тарапқа мынадай жағдайларда: 

      1) жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмысты орындау үшін; 

      2) белгілі бір жұмысты орындау уақытына; 

      3) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына; 

      4) маусымдық жұмысты орындау уақытына жіберуге жол беріледі. 

      4. Қабылдаушы тарап жіберуші тарапқа жіберетін, жіберуші тараптың жұмыскерлерін қабылдаушы тараптың тарту мерзімінің аяқталғаны туралы хабарламада көрсетілген күн жіберуші тарап жұмыскерінің қабылдаушы тараптағы жұмысының аяқталған күні болып табылады. 

      5. Жіберуші тараптың жұмыскерлерін жұмысты орындау үшін қабылдаушы тарапқа жіберуге мынадай: 

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес ереуілге қатысатын жұмыскерлерді ауыстыру; 

      2) жұмыскердің денсаулық жағдайының нашарлауын қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жұмысты орындаудан бас тартқан жұмыскерлерді ауыстыру; 

      3) жұмыскерлерді жұмыстан шығару қаупі төнген кезде жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында бос тұрып қалу, банкроттық рәсімін жүзеге асыру, толық емес жұмыс уақыты режимін енгізу жағдайларында жол берілмейді. 

      6. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің жұмысты орындау шарттары мен тәртібі персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартта айқындалады, ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жіберуші және қабылдаушы тараптар арасында жасалады. 

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттың жіберуші тарап жұмыскерлерінің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылуға жатпайды. 

      7. Қабылдаушы тарап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген еңбек және демалыс режимін реттеу кезінде жіберуші тарап жұмыскерлерінің құқықтарын сақтауға міндетті. 

      8. Қабылдаушы тараптың персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасу кезінде жіберуші тараптың жұмыскерлеріне қатысты еңбекке ақы төлеу саласында кемсітушілікке жол беруіне тыйым салынады. 

      9. Жіберуші тарап жұмыскерінің өз денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы қабылдаушы тараптың өкіліне және жұмыс берушінің өкіліне хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуына құқығы бар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және міндеттерді атқарады. 

      10. Қабылдаушы тараптың: 

      1) жіберуші тараптың жұмыскерлерінен қабылдаушы тараптың еңбек шартының талаптарын, еңбек тәртіптемесінің қағидаларын және басқа да актілерін орындауын талап етуге; 

      2) жіберуші тараптың жұмыскерлерін қабылдаушы тараптың актісінде көзделген тәртіппен көтермелеуге; 

      3) жіберуші тараптың жұмыскері еңбек міндеттерін атқарған кезде келтірген залалды өтетуге құқығы бар. 

      11. Қабылдаушы тарап: 

      1) жіберуші тараптың жұмыскерін қабылдаушы тараптың жұмысқа (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, өзге де актілерімен таныстыруға; 

      2) жіберуші тараптың жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өндірістік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз етуге; 

      3) жіберуші тараптың жұмыскерлерін еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге; 

      4) егер жұмысты жалғастыру жіберуші тарап жұмыскерінің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтата тұруға; 

      5) жіберуші тараптың жұмыскерін зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары және кәсіптік аурудың ықтималдығы туралы хабардар етуге; 

      6) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде тәуекелдерді болғызбау бойынша шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге; 

      7) жіберуші тараптың әрбір жұмыскерінің жұмыс уақытының, оның ішінде ол орындайтын үстеме жұмыстардың, демалыс және мереке күндеріндегі, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге міндетті. 

      12. Жіберуші тараптың жұмыскері еңбек тәртібін бұзған жағдайда, қабылдаушы тарап осы факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім қабылдау үшін жіберуші тарапты хабардар етеді. 

      13. Жіберуші тарап жұмыскерінің қабылдаушы тарапқа келтірілген нұқсан үшін материалдық жауаптылығы осы Кодекстің 123-бабында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ еңбек шартында көзделген жағдайларда басталады. 

      14. Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қатынастары осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына және еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 12-тарау 137-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.12.2020 № 386-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

15-1-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

15-1-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы   1. Дипломатиялық қызмет персоналы дипломатиялық қызме...

Толық оқу »

19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi  5-тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МIНДЕТТЕРI МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI  Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi5-тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МIНДЕТТЕРI МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

Комментарий к статье 565. Допуск к работе авиационного персонала, не прошедшего профессиональную подготовку либо не имеющего соответствующую квалификацию  Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 565. Допуск к работе авиационного персонала, не прошедшего профессиональную подготовку либо не имеющего соответствующую квалификацию Кодекса Республики Ка...

Толық оқу »

21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет ардагерлерін көтермелеу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет ардагерлерін көтермелеу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы       Ескерту. 21-баптың...

Толық оқу »

21-бап. Химиялық өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар  Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы Заңы

21-бап. Химиялық өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарХимиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы Заңы      1. Химия...

Толық оқу »

381-бап. Дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдарының, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу шарттары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

381-бап. Дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық лауазымд...

Толық оқу »

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер өкiлдерiнiң және халықаралық қызметкерлердiң заңдық мәртебесi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер өкiлдерiнiң және халықаралық қызметкерлердiң заңдық мәртебесi туралы келiсiмдi бекiту туралыҚазақстан Республикасының Заң...

Толық оқу »

18-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату  Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

18-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы  1. Дипломатиялық қызметтi тоқтату үшiн: 1) ди...

Толық оқу »

22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi  Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы       1. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiне жүктелген м...

Толық оқу »

687-1-бап. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

687-1-бап. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шар...

Толық оқу »

23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы       1. Шет елдердегi мекемелерде жұмыс iстейтiн диплома...

Толық оқу »

25-бап. Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандарды және көмекші персоналды әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы

25-бап. Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындай...

Толық оқу »

27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын реттеу  Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын реттеу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы       Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек...

Толық оқу »

17-бап. Азаматтық персоналды әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы Заңы

17-бап. Азаматтық персоналды әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктеріҚазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы Заңы      1. Бітімгершілік операцияға қатысатын (қаты...

Толық оқу »

28-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу  Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

28-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы       Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы...

Толық оқу »

58-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының кепілдіктері мен өтемақылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы

58-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының кепілдіктері мен өтемақыларыҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы      Дипломатиялық қызмет персоналының кепілдік...

Толық оқу »

2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ға...

Толық оқу »

565-бап. Кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі жоқ авиация персоналын жұмысқа жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

565-бап. Кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі жоқ авиация персоналын жұмысқа жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі       Кәсі...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға Испания Корольдігінің қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдар...

Толық оқу »

382-бап. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерінің, консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персоналы жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу шарттары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

382-бап. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерінің, консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші перс...

Толық оқу »

Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі (Еңбек кодексінің 137-1-бабы)

Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі (Еңбек кодексінің 137-1-бабы) Еңбек заңнамасы 2021 жылдан бастап персоналды қарыз еңбегінің б...

Толық оқу »

31-бап. Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау  Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

31-бап. Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы       Дипломатиялық қ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға Италия Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға Италия Р...

Толық оқу »

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны ратификациялау туралы

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы к...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауға...

Толық оқу »

26-бап. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру Астық туралы Заңы

26-бап. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру Асты...

Толық оқу »

41-1-бап. Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу Автомобиль көлiгi туралы Заңы

41-1-бап. Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеуАвтомобил...

Толық оқу »

Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі

Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібіЕңбек заңнамасы 2021 жылдан бастап персоналды қарыз еңбегінің бір түрі ретінде ұсыну шеңберінд...

Толық оқу »

16-1-бап. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Байланыс туралы Заңы

16-1-бап. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаБайланыс туралы Заңы      1. Байланыс операторы байланыс қызметтерін...

Толық оқу »