Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі

Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі 

 Еңбек заңнамасы 2021 жылдан бастап персоналды қарыз еңбегінің бір түрі ретінде ұсыну шеңберінде еңбек қатынастарының өзге нысанын көздейді. Еңбек кодексінің 137-1-бабына сәйкес жұмыскерлерді персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт тараптарының бірі болып табылатын жіберуші тарап арқылы тартуға жол беріледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы ғана жіберуші тарап ретінде әрекет ете алатынына соттардың назарын аударған жөн.

Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 69-1) тармақшасына сәйкес персонал беру – жіберуші тараптың жұмыскерді қабылдаушы тараптың мүддесінде, басқаруымен және бақылауымен еңбек функцияларын орындауы үшін оны персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт бойынша қабылдаушы тарапқа жіберуі.

Жіберуші және қабылдаушы тарап арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жіберуші және қабылдаушы тараптар арасында жасалатын персонал беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шартпен айқындалады. Бұл ретте персонал беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарттың ережелерінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда жіберуші тараптың жұмыскерлерінің құқықтарын нашарлататын ережелер болмауға тиіс, мұндай жағдайлар анықталған кезде соттар осы ережелерді жарамсыз және қолдануға жатпайтын деп тануға тиіс.

Жіберуші тарап іс жүзінде жіберуші тараптың жұмыскері қабылдаушы тараптың еңбек шартында айқындалған еңбек функциясын қабылдаушы тараптың мүддесінде, басқаруымен және бақылауымен орындауына қарамастан, жіберуші тараптың жұмыскеріне қатысты жұмыс беруші ретінде әрекет етеді.

Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 52-1) тармақшасы негізінде персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес жіберуші тараптың жұмыскерлерін жұмыс істеу үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы қабылдаушы тарап ретінде болып табылады. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартта жұмыскерлерді тарту үшін өлшемшарттар және ұқсас лауазымы, тиісті біліктілігі, мамандығы немесе кәсібі, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны және сапасы бойынша  қабылдаушы тарап жұмыскерлерінің негізгі жалақысының мөлшерінен кем болмауға тиіс жіберуші тарап жұмыскерлеріне ақы төлеу шарттары айтылады (Еңбек кодексінің 103-бабы).

Жіберуші тараптың жұмыскерлерін қабылдаушы тарапқа мынадай жағдайларда:

1) жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмысты орындау үшін;

2) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;

3) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;

4) маусымдық жұмысты орындау уақытына жіберуге жол беріледі.

Практикада жұмыскерлердің жіберуші тараппен персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттың талаптарына сәйкес белгілі бір жұмысты орындау уақытында мерзіммен еңбек шартын жасасу таралған. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттың қолданылу мерзімі шеңберінде қабылдаушы тарап жіберуші тараптың нақты жұмыскерінің қызметтерінен бас тартуға құқылы, бұл Еңбек кодексінің 49-бабының 2) тармақшасы негізінде оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін еңбек шартының тоқтатылуына әкеп соғады.

Бұл ретте жіберуші тарап жұмыскерінің қабылдаушы тараптағы жұмысының аяқталу күнін қабылдаушы тарап себептерін түсіндірмей айқындайды.

Еңбек кодексінің 137-1-бабының 4-тармағына сәйкес қабылдаушы тарап жіберуші тарапқа жіберетін, жіберуші тараптың жұмыскерлерін қабылдаушы тараптың тарту мерзімінің аяқталғаны туралы хабарламада көрсетілген күн жіберуші тарап жұмыскерінің қабылдаушы тараптағы жұмысының аяқталған күні болып табылады. Жіберуші тарап қабылдаушы тараптың хабарламасы негізінде жіберуші тараптың жұмыскері жұмысты аяқтағаны туралы хабарламада көрсетілген күнге персонал беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарттың қолданылуын жалғастыратынына және жіберуші тараптың басқа жұмыскері тартылуы мүмкін екендігіне қарамастан, еңбек шартын тоқтату туралы бұйрық шығарады. Еңбек шартын тоқтату туралы бұйрыққа немесе өзге де даулы мәселелерге дау айту бойынша еңбек дауы туындаған кезде бұрын еңбек қатынастарында болған адам еңбек шартын жасасқан жіберуші тараптан келісу комиссиясына жүгінеді.

Қабылдаушы тарап еңбек қатынастарының тарапы болып табылмайды, алайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген еңбек және демалыс режимін реттеу кезінде жіберуші тарап жұмыскерлерінің құқықтарын сақтауға, сондай-ақ Еңбек кодексінің 182-1-бабына сәйкес жұмыстарды қауіпсіз орындау жөніндегі талаптарды сақтауға міндетті.

Жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының заңдарына, қабылдаушы тараптың актілеріне және еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.

Б. еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою, жұмысқа қайта алу, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін өтемақы өндіріп алу туралы ЖШС-ға, жауапкер жағындағы үшінші тұлға ЖҮАҚ-қа, Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына талап қоюмен сотқа жүгінді.

Сот актілерінен анықталғандай, 2018 жылғы 1 ақпанда ЖШС мен талап қоюшының арасында еңбек шарты жасалған, оған сәйкес жұмыскер жылжымалы жөндеу шеберханасының II деңгейдегі машинист-жүргізушісі лауазымына жұмысқа қабылданған. Жұмысқа орналасу өтініміне сәйкес еңбек шартының мерзімі 2019 жылғы 1 ақпанға дейін.

2019 жылы 1 қаңтарда тараптар арасында негізгі шартқа жалақы мерзімі мен индексациясы бөлігінде өзгерістер енгізілген қосымша келісім жасалды. Еңбек шартының мерзімі жұмыс беруші жергілікті персонал үшін жалақыны әкімшілендіру бойынша қызметтерді ұсынуға келісімшартқа қол қойған тапсырыс беруші ЖҮАҚ-пен шарт бойынша белгілі бір жұмысты орындау уақытына ұзартылды.

2020 жылғы 7 шілдеде жұмыс беруші жұмыскермен негізгі еңбек шартына өзгерістер енгізілген тағы бір қосымша келісім жасасты. Еңбек шартының мерзімі - жұмысқа орналасу өтініміне сәйкес белгілі бір жұмысты орындау уақытына белгіленген.

2022 жылғы 26 қазанда жұмыс беруші еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты 2018 жылғы 1 ақпандағы еңбек шартын 2022 жылғы 1 қарашадан бастап бұзу туралы бұйрық шығарды.

Соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуға мынадай уәждер келтірді.

Еңбек кодексінің 49-бабының 2-тармағына сәйкес еңбек шартын тоқтату негіздерінің бірі еңбек шарты мерзімінің аяқталуы болып табылады.

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы 2018 жылғы 1 ақпандағы еңбек шартына сәйкес ЖШС-ға «жылжымалы жөндеу шеберханасының          II деңгейдегі машинист-жүргізушісі» лауазымына жұмысқа қабылданған

2020 жылғы 7 шілдедегі қосымша келісіммен 2018 жылғы 1 ақпандағы еңбек шартының 2.1-тармағына талап қоюшыны «жұмысқа орналасуға арналған өтінімге сәйкес белгілі бір жұмысты орындау уақытына» жұмысын белгілеу арқылы өзгерістер енгізілді.

Жауапкер 2020 жылғы 7 шілдедегі қосымша келісімнің шарттарына сәйкес Қызметтерді ұсынуға арналған келісімшартқа сәйкес жұмыскерлерді басқа ұйымға, атап айтқанда, ЖҮАҚ-қа жіберді.

Бұл ретте талап қоюшы қосымша келісімде жұмысты басқа ұйым ұсынатынын білді. Бұл ұйымның қызметінен бас тарту ЖШС-ға жіберілуі тиіс.

2022 жылғы 21 қазанда ЖШС-ның атқарушы директорының атына ЖҮАҚ-тан талап қоюшының қызметіне мұқтаж еместігі туралы, сондықтан онымен еңбек қатынастарын тоқтатуды сұраған хабарлама келіп түсті.

2022 жылғы 26 қазанда талап қоюшыға еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты 2022 жылғы 1 қарашадан бастап онымен еңбек шарты тоқтатылатыны туралы хабарланды. Бұл туралы хабарлама жіберілді.

2022 жылғы 27 қазанда талап қоюшы еңбек шартын бұзу туралы, еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықпен жазбаша танысты.

Сот актілерінен анықталғандай, тараптар ЖҮАҚ пен ЖШС арасында 2017 жылғы 1 қарашада жергілікті персонал үшін жалақыны әкімшілендіру бойынша қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт жасалды. Келісімшартқа Қосымшаның 1-тармағына сәйкес - «мердiгер Компанияға жергiлiктi персоналды iздестiру және тарту жөнiндегi, жергiлiктi персонал үшiн жалақыны әкiмшiлендiру және есептеу жөнiндегi қызметтердi ұсынады».

Келісімшартқа Қосымшаның 5.4-тармағына сәйкес – «Компания кез келген уақытта себебiн түсiндiрместен мердiгер персоналынан жеке тұлғадан бас тартуға құқылы. Мұндай бас тарту жағдайында Компанияның уәкiлеттi өкiлi мердiгерге мердiгердiң персоналы қатарынан осындай жеке тұлға қызмет көрсетудi тоқтатуға және Компаниядан кетуге тиiс күнiн көрсете отырып жазбаша хабарлама жiбередi».

Келісімшартқа Қосымшаның 3-тармағына сәйкес: «Компания осы Келісімшарттың барлық мәселелері бойынша жауапты тұлға болып табылатын Компанияның уәкілетті өкілін (КУӨ) тағайындайды».

Осыған байланысты Компания Келісімшартқа Қосымшаның   5.4-тармақтарында көзделген өз құқығын пайдаланды және мердігер ЖШС персоналының,  атап айтқанда - талап қоюшы Б.-ның қызметтерінен бас тартты.

Мұндай жағдайда талап қоюшымен еңбек қатынастары заңды негізде тоқтатылды. 

Соттылық 

«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 9 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының (бұдан әрі - НҚ) 5-тармағына сәйкес еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талаптар жауапкердің – заңды тұлға органының орналасқан жері бойынша немесе дауда жауапкер ретінде болатын жұмыс беруші жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша жалпы азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары бойынша сотқа қойылуға жатады.

АПК-нің 29-бабының екінші бөлігіне сәйкес заңды тұлғаға талап қою құрылтай құжаттарына сәйкес және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

АПК-нiң 30-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен филиалдың немесе өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша талап қоюлар берiлген кезде тек заңды тұлғалар ғана жауапкер бола алады.

Қорытылатын санаттағы істер бойынша соттылық мәселелері қиындық туғызбайды.

Мысалы, Өскемен қалалық сотының ұйғарымымен Ж.-ның ЖШС-ға залалды өндіру, үстеме жұмыс үшін ақы төлеу, моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюға қатысты азаматтық іс мәні бойынша қарау үшін соттылығы бойынша Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына берілді.

Соттың ұйғарымы дұрыс, өйткені жауапкер - заңды тұлға Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі мекенжайында орналасқан және тіркелген, еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талап қоюлар жауапкердің орналасқан жері бойынша азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша сотқа берілуге тиіс. 

Бұдан басқа, соттардың назарын Еңбек кодексінің 19-бабының талаптарына аудару қажет деп есептеймін, оған сәйкес шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін атқарады.  Демек, қызметкер филиал басшысының заңды тұлғаның мүдделерін білдіру құқығын алдын ала тексеріп, шетелдік заңды тұлға филиалының орналасқан жері бойынша талап қоюмен жүгінуге құқылы.    

Жұмыс беруші оңалтылған не банкрот болған жағдайда еңбек дауларының соттылығын айқындау мәселесі 

Сонымен АПК-нің 35-бабы сегізінші бөлігінің ережелеріне сәйкес оңалту рәсімін және олардың банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім шығарған судья, соттылығы АПК-нің 31-бабында белгіленген даулар бойынша істерді қоспағанда, оңалту рәсімі және олардың банкроттығы рәсімі шеңберінде туындайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істерді қарайды.

Ақтөбе қалалық сотының 2021 жылғы 15 ақпандағы ұйғарымымен     Ж.-ның ЖШС-ға жұмыстан шеттету, шығару туралы, жұмысқа қайта алу, үстеме жұмыс үшін жалақыны өндіріп алу туралы, бос жүруге мәжбүр болған уақыты үшін жалақыны өндіру, өсімпұлды, моральдық зиянды өндіру туралы бұйрықтардың күшін жою туралы талап қоюы осы соттың соттылығына жатпайтындықтан, КК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің                            2) тармақшасы негізінде қайтарылған.

Сот талап қоюды қайтара отырып, Ақтөбе облысы МАЭС-тің шешімімен Серіктестікке қатысты оңалту рәсімі қолданылғанын, осыған байланысты АПК-нің 35-бабының 8-бөлігіне сәйкес іс экономикалық соттың қарауына жататынын көрсетті.

Заңды күшіне енген Ақтөбе облысы МАЭС-тің 2016 жылғы 14 қазандағы шешімімен Серіктестікке қатысты оңалту рәсімі іс жүзінде қолданылған.

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 5, 7) тармақшаларының ережелеріне сәйкес сот борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iсті өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды, сондай-ақ оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.

Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс беруші (жұмыс берушілер), оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болғандар арасындағы келіспеушіліктер.

Тараптар арасындағы дау еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтыны, еңбек заңнамасының нормаларына және еңбек шарттарының талаптарына негізделгені және оңалту рәсімін жүзеге асырумен байланысты еместігі анықталды.

Сот АПК-нің 35-бабы сегізінші бөлігінің ережелерін дұрыс қолданбағандықтан, сот алқасының 2021 жылғы 12 наурыздағы ұйғарымымен мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға бере отырып, сот ұйғарымының күші жойылды.

Жұмыс беруші банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған жағдайда еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар (жұмысқа қайта алу, жалақыны өндіріп алу және т.б. туралы) жалпы юрисдикция соттарында қаралуға және шешілуге жатады, АПК-нің  35-бабының сегізінші бөлігі ережелерінің нормалары еңбек дауларына қолданылмайды. 

Мемлекеттік баж 

СК-нің 610-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес мүлiктiк емес сипаттағы талап қою арыздарынан – 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

СК-нің 951-бабы 1-тармағының талаптары негізінде моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы.

АПК-нің 149-бабының талаптарына сәйкес, талап қоюға мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.

СК-нің 616-бабының 1) тармақшасына сәйкес соттарда талап қоюшылар еңбекке ақы төлеу сомасын өндіріп алу туралы талап қою және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Талап қою қанағаттандырылған жағдайда сот АПК-нің 117-бабына сәйкес мемлекет кірісіне мемлекеттік бажды оны төлеуден босатылмаған жауапкерден өндіріп алуға міндетті.

Соттардың АПК-нің 149-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасын бұза отырып, мемлекеттік баж төленбеген талап қоюларды соттың іс жүргізуіне қабылдаған жекелеген жағдайлары анықталды.

Іс материалдарынан анықталғандай, А. ЖШС-ға жалақыны, бос тұрып қалғаны үшін өтемақыны, моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен күшінде қалдырылған Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен ЖШС-дан А.-ның пайдасына жалақыны өндіру бойынша берешекті, тұрақсыздық айыбын, моральдық зиян өтемақысын, өкілдің көмегіне ақы төлеу шығыстары өндірілді.

ЖШС-ға 2021 жылғы 22 маусымнан бастап 2021 жылғы тамызға дейін А.-ның еңбек қызметінің кезеңіне зейнетақы аударымдары мен басқа да міндетті төлемдерді жүргізу міндеті жүктелді. 

Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау 

Еңбек кодексінің 159-бабының талаптарын қолдану практикасы

 АПК-нің 148-бабы талап қоюдың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың тізбесін қамтиды. АПК-нің 148-бабы   1-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес, егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, арызда жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.

Еңбек тәртібінің 159-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын дауларды қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша дауларды соттар қарайды.

Яғни жұмыс беруші мен микрокәсіпкерлік субъектінің, жұмыскерлерінің саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымның жұмыскері, үй жұмыскері, заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органы, заңды тұлға атқарушы органының басшысы, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелері арасында туындайтын даулар бойынша келісу комиссиясында дауды алдын ала қарауды сақтау талап етілмейді.

Келісу комиссиясына жүгіну туралы талап еңбегі Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттелетін жұмыскерлердің жекелеген санаттарына, оның ішінде әскери қызметте тұратын жұмыскерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды. 

Нормативтік база

Қорытылатын санаттағы істерді қарау кезінде қолдануға жататын негізгі нормативтік құқықтық актілер:

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - АК);

2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі - АПК);

2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі - Еңбек кодексі);

2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) (бұдан әрі - СК);

2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексі;

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексі;

«Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Қазақстан Республикасының Заңы;

«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155-I Қазақстан Республикасының Заңы;

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-1 Қазақстан Республикасының  Заңы;

«Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы  № 415 Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының:

«Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 6 қазандағы № 9;

«Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7;

«Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» 2003 жылғы    11 шілдедегі № 5;

«Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2006 жылғы  25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулылары.

  Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

15-1-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

15-1-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы   1. Дипломатиялық қызмет персоналы дипломатиялық қызме...

Толық оқу »

19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi  5-тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МIНДЕТТЕРI МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI  Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi5-тарау. ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МIНДЕТТЕРI МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI Қазақстан Республикасының...

Толық оқу »

Комментарий к статье 565. Допуск к работе авиационного персонала, не прошедшего профессиональную подготовку либо не имеющего соответствующую квалификацию  Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 565. Допуск к работе авиационного персонала, не прошедшего профессиональную подготовку либо не имеющего соответствующую квалификацию Кодекса Республики Ка...

Толық оқу »

21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет ардагерлерін көтермелеу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет ардагерлерін көтермелеу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы       Ескерту. 21-баптың...

Толық оқу »

137-1-бап. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

137-1-бап. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі       1. Жіберуші тарап еңбек шартын не е...

Толық оқу »

21-бап. Химиялық өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар  Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы Заңы

21-бап. Химиялық өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарХимиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы Заңы      1. Химия...

Толық оқу »

381-бап. Дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдарының, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу шарттары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

381-бап. Дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық лауазымд...

Толық оқу »

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер өкiлдерiнiң және халықаралық қызметкерлердiң заңдық мәртебесi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер өкiлдерiнiң және халықаралық қызметкерлердiң заңдық мәртебесi туралы келiсiмдi бекiту туралыҚазақстан Республикасының Заң...

Толық оқу »

18-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату  Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

18-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы  1. Дипломатиялық қызметтi тоқтату үшiн: 1) ди...

Толық оқу »

22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi  Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы       1. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiне жүктелген м...

Толық оқу »

687-1-бап. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

687-1-бап. Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шар...

Толық оқу »

23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы       1. Шет елдердегi мекемелерде жұмыс iстейтiн диплома...

Толық оқу »

25-бап. Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандарды және көмекші персоналды әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы

25-бап. Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындай...

Толық оқу »

27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын реттеу  Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын реттеу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы       Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек...

Толық оқу »

17-бап. Азаматтық персоналды әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы Заңы

17-бап. Азаматтық персоналды әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктеріҚазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы Заңы      1. Бітімгершілік операцияға қатысатын (қаты...

Толық оқу »

28-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу  Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

28-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы       Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы...

Толық оқу »

58-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының кепілдіктері мен өтемақылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы

58-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының кепілдіктері мен өтемақыларыҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы      Дипломатиялық қызмет персоналының кепілдік...

Толық оқу »

2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ға...

Толық оқу »

565-бап. Кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі жоқ авиация персоналын жұмысқа жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

565-бап. Кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі жоқ авиация персоналын жұмысқа жіберу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі       Кәсі...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға Испания Корольдігінің қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдар...

Толық оқу »

382-бап. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерінің, консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші персоналы жұмыскерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу шарттары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

382-бап. Дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелерінің, консулдық мекемелердің консулдық қызметшілерінің, консулдық мекемелердің қызмет көрсетуші перс...

Толық оқу »

Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі (Еңбек кодексінің 137-1-бабы)

Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі (Еңбек кодексінің 137-1-бабы) Еңбек заңнамасы 2021 жылдан бастап персоналды қарыз еңбегінің б...

Толық оқу »

31-бап. Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау  Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы

31-бап. Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы       Дипломатиялық қ...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға Италия Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға Италия Р...

Толық оқу »

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны ратификациялау туралы

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы к...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауға...

Толық оқу »

26-бап. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру Астық туралы Заңы

26-бап. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру Асты...

Толық оқу »

41-1-бап. Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеу Автомобиль көлiгi туралы Заңы

41-1-бап. Жүктерді жүк таситын және мамандандырылған автокөлік құралдарымен тасымалдау, сондай-ақ арнаулы автомобильдермен қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тіркеуАвтомобил...

Толық оқу »

16-1-бап. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама Байланыс туралы Заңы

16-1-бап. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаБайланыс туралы Заңы      1. Байланыс операторы байланыс қызметтерін...

Толық оқу »