⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Кемтар балаларды еңбекке даярлау және оларға кәсiби бiлiм беру  Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы

14-бап. Кемтар балаларды еңбекке даярлау және оларға кәсiби бiлiм беру  Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Кемтар балаларды еңбекке даярлау және оларға кәсiби бiлiм беру  Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы 

       1. Кемтар балалар Қазақстан Республикасының бiлiм беру туралы заң актiлерiне сәйкес кәсiби бiлiм ала алады.  

       2. Кемтар балаларды еңбекке даярлау отбасында, арнаулы бiлiм беру ұйымдарында жүргiзiледi. Кемтар балалардың болашақ кәсiби қызметiнiң мүмкiндiктерi мен сипатын айқындау үшiн кәсiби-консультациялық орталықтарда, арнаулы бiлiм беру ұйымдарында кәсiби диагностика жүргiзiледi.  

       3. Мүмкіндігі шектеулі балаларға техникалық және кәсіптік білім беру арнаулы білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.  

      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13, 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы. 

       Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы