⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-1-бап. Тiзiлiмiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылу және қызмет ету ерекшелiктерi Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

16-1-бап. Тiзiлiмiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылу және қызмет ету ерекшелiктерi Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-1-бап. Тiзiлiмiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылу және қызмет ету ерекшелiктерi Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Заңы  

       Ескерту. 16-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

       1. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын орталық депозитариймен серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге арналған шартты жасасуға құқылы.  

       Құрылтай шартының күшi серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.  

       Акционерлiк қоғам қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып қайта құрылған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.  

       2. Акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулі серіктестіктің жарғысына қайта құру туралы шешім қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген адам қол қояды.  

       Акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысында, осы Заңның 48-бабында белгiленген тәртiппен қабылданады. 

      3. Жауапкершілігі шектеулі серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi. 

      Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.06.16 N 416, өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220-І Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы