⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы  Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы

16-бап. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы  Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Даму Банкiнiң жарғылық капиталы  Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы 

      1. Даму Банкінің жарғылық капиталы кемінде екі жүз елу миллиард теңгені құрайды. 

      2. Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемесін айқындайды. 

      Қаржылық тұрақтылық параметрлерінің (коэффициенттерінің) нашарлау жағына қарай күтілетін өзгеруі және параметрлердің (коэффициенттердің) кем дегенде біреуі бойынша шекті мәндерге қол жеткізу кезінде Даму Банкінің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес ұлғайтылуы мүмкін. 

      Жарғылық капитал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жағдайларда ұлғайтылуы да мүмкін. 

      Несие портфелінің активтерге ең жоғары арақатынасы Меморандумда белгіленеді. 

      3. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.03.2014 № 179-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы