6-бап. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы Шаруашылық серіктестіктері туралы Заңы
1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын оған қатысушылар салымдарының жиынтығы құрайды.
2. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықтық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.
Жеке мүлiктiк емес құқықтар және өзге де материалдық емес игiлiктер түрiнде салымдар енгiзуге жол берiлмейдi.
3. Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтайшы құжаттарда көрсетiлген бүкiл мерзiмге есептелген пайдалану төлемiмен айқындалады.
Серiктестiктiң пайдалануына берiлген мүлiктiң кездейсоқ құрып кетуiне немесе бүлiнуiне тәуекелдiк, егер құрылтай құжаттарда өзгеше көзделмеген болса, осы мүлiктi берген қатысушыға жүктеледi.
4. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың (қатысушылардың) заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқықтар түрiндегi салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды бағалаушы растауға тиiс.
5. Барлық кредиторлар жеке-жеке жазбаша хабардар етiлгеннен кейiн ғана шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға жол берiледi. Мұндай жағдайда кредиторлар тиiстi мiндеттемелерiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздерi шеккен зиянның орны толтырылуын талап етуге құқылы.
6. Жарғылық капиталды шаруашылық серiктестiктерiнiң кейбiр түрлерi үшiн осы Заңда және басқа заң актiлерiнде белгiленген ең төменгi мөлшерден азайтуға жол берiлмейдi.
Жарғылық капиталды осы баптың 5 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiптi бұза отырып азайту мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сот шешiмiмен шаруашылық серiктестiгiн таратуға негiз болып табылады.
7. Жарғылық капиталға салымдар енгiзу тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құрау бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк заң актiлерiмен және (немесе) құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР 1996.07.15 N 30-1, 1997.07.11 N 154, 1998.04.22 N 221; 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы