⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 22-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

22-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

22-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы 

      1. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуі мүмкін. 

      2. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы болып табылады және ол әкімшілік жаза қолданумен қатар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік жауаптылықтан босатылған кезде оның орнына да қолданылады. 

      3. Мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамға: 

      1) жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға; 

      2) атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға; 

      3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тыйым салынуы мүмкін. 

      Жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамның басқа да тұрғын жайы болған жағдайда, жәбірленушімен бірге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда тұруға тыйым салу түрінде әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасын да қолдануға құқылы. 

      4. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келу міндеті жүктелуі мүмкін. 

      5. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу тәртібі, оның қолданылу мерзімдері, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады. 

      6. Ішкі істер органдары мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамды профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады. 

      Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңы. 

      Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы