587-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алу ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Шет мемлекет қылмыс жасағаны үшін іздестіріп жатқан адамды Қазақстан Республикасының аумағында ұстап алуды қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен жүргізеді.
2. Ұстап алынған адамның жеке басы, оның азаматтық тиесілігі жетпіс екі сағат ішінде анықталуға, іздестірудің бастамашысынан жасалған іс-әрекеттің мән-жайлары, оған сәйкес осы іс-әрекет қылмыс деп танылатын баптың мәтіні, құзыретті органның оны күзетке алу және оған іздестіру жариялау туралы шешімі, сондай-ақ адамды күзетке алу қажеттігі туралы растауы талап етіп алдырылуға тиіс.
3. Шет мемлекеттің құзыретті органының ұстап беру (экстрадициялау) туралы талап мәлімделгенге дейін адамды күзетке алу туралы өтінішхаты поштамен, телеграфпен, телекспен, факспен және өзге де байланыс түрлерімен жіберілуі мүмкін.
4. Ұстап алынған адам, егер:
1) ұстап алынған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде оны уақытша күзетпен ұстау туралы немесе оған қатысты экстрадициялық қамақты қолдану туралы өтінішхаттарды қарау үшін тергеу судьясына жеткізілмесе;
2) ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмейтін мән-жайлар анықталса, ол дереу босатылады.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы