226-бап. Ғылыми қызметті басқару Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Уәкілетті орган биомедициналық зерттеулерді дамытуды үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган:
1) қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобаларына;
2) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелеріне;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын алуға ұсынылатын ғылыми жұмыстарға;
4) денсаулық сақтау практикасына енгізу үшін жоспарланып отырған ғылыми-медициналық әзірлемелерге ғылыми-медициналық сараптама жүргізуді ұйымдастырады.
Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы