Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 232-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шарттары мен негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

232-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шарттары мен негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

232-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шарттары мен негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Егер қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды, қылмыстық процеске тартылған тұлғалардың мүдделерін қозғайтын фактілер туралы мәліметтерді оларға хабарламай алу қажет болғанда, осы тарауда көзделген жасырын тергеу әрекеттері жүргізіледі.

      2. Пошта жөнелтілімдерін және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылауды қоспағанда, жасырын тергеу әрекеттерін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесі жедел-іздестіру қызметінің нысандары мен әдістерін пайдалана отырып жүргізеді.

      3. Осы Кодекстің 231-бабының 1) – 6) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттері мамандандырылған тергеу сотының, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі, оны алу тәртібі осы Кодекстің 234-бабында белгіленген.

      4. Жасырын тергеу әрекеттері мына негіздердің бірі болған кезде:

      1) жасалғаны үшін санкциясы бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыстар туралы істер бойынша;

      2) қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстар бойынша жүргізіледі.

      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделмеген басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу және оларды ашу үшін осы Кодекстің 231-бабының тек 7) – 9) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін.

      6. Жекелеген адамдардың өміріне, денсаулығына, меншігіне қатер төнген жағдайда, олардың арызы бойынша немесе жазбаша келісуімен, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы негізінде, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды міндетті түрде хабардар ете отырып, осы Кодекстің 231-бабының 1) және 2) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге рұқсат етіледі.

      7. Жасырын тергеу әрекеттері:

      1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда, хабарда оны дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған адам ретінде көрсетілген не өзіне қатысты оның тергеліп жатқан құқық бұзушылыққа қатысы бар не дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерге ие деп пайымдауға өзге де негіздер бар адамға;

      2) күдіктіге;

      3) жәбірленушінің жазбаша келісімі бойынша оған;

      4) егер үшінші тұлғаның іс үшін маңызы бар ақпаратты алатыны немесе беретіні туралы мәліметтер болса, үшінші тұлғаға;

      5) егер онда болып жатқан немесе болуы болжанатын мән-жайлардың іс үшін маңызы болатын болса, жерге қатысты жүргізіледі.

      8. Кәсіби көмекті жүзеге асыратын адвокаттар ауыр немесе аса ауыр қылмыс дайындап жатыр немесе жасады деп пайымдауға негіз болған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге тыйым салынады.

      9. Осы Кодексте көзделмеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргізу барысында алынған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.

      10. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісім бойынша құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар айқындайды.

      Ескерту. 232-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

231-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

231-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы тараудың ережелеріне сәйкес мынадай жасырын тергеу әрекетте...

Толық оқу »

Статья 234. Санкционирование негласных следственных действий УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан

234-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасырын тергеу әрекеттері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзег...

Толық оқу »

235-бап. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

235-бап. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кейiнге қалдыруға болмайт...

Толық оқу »

239-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау және дәлелдеуде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

239-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау және дәлелдеуде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасырын тергеу әрекеттері...

Толық оқу »

240-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса тіркелмеген материалдармен танысу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

240-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса тіркелмеген материалдармен танысу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Тергеуші, анықтауш...

Толық оқу »

233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылған органның уә...

Толық оқу »

673-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

673-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қылмысты...

Толық оқу »

107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерту. 107-...

Толық оқу »