Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 240-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса тіркелмеген материалдармен танысу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

240-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса тіркелмеген материалдармен танысу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

240-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса тіркелмеген материалдармен танысу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Тергеуші, анықтаушы қылмыстық процесте дәлелдемелік маңызы жоқ деп таныған жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері тергеп-тексеру материалдарына қоса тігілмейді және құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесінде бөгде адамдардың олармен танысу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда, осы баптың 1-1 және алтыншы бөліктерінде көзделген мәселелер түпкілікті шешілгенге дейін сақталады, содан соң тиісті акт жасала отырып жойылады.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қылмыстық процесте дәлелдемелік маңызы жоқ деп таныған жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері жойылатын күннен екі ай бұрын тиісті прокурор хабардар етіледі.

      1-1. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы адамды оған қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізілген қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарылған кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы жасырын тергеу әрекетінің нәтижелерімен таныстырмастан, хабардар етуге тиіс.

      Бұл мерзімді мамандандырылған тергеу сотының, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша бір жылға дейін ұзартуы мүмкін.

      Мамандандырылған тергеу сотының, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша адамды:

      1) террористік немесе экстремистік қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;

      2) қылмыстық топ жасаған қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;

      3) егер хабардар ету мемлекеттік құпияларды жария ету қатерін төндірсе;

      4) егер хабардар ету қызметті құпия негізде және астыртын нысанда жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірсе, оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеті туралы хабардар етпеуге келісуі мүмкін.

      2. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адам тергеп-тексеруге қоса тігілмеген мәліметтермен мемлекеттік құпиялардың және заңмен қорғалатын өзге де құпияның жария болуын болдырмайтын шекте танысу туралы өтінішхат беруге құқылы. Өтінішхатты – тергеуші, анықтаушы, прокурор, ал істі сот қараған кезеңде өтінішхаттар түскен кезде – сот қарайды.

      3. Тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот өтінішхатты материалдардың қылмыстық процестегі ықтимал маңызын және жол берілген адам құқықтарын шектеулерді ескере отырып бағалайды.

      Тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот, егер бұл қылмыстық процеске тартылған қандай да бір адамның өміріне, денсаулығына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі қауіп төндіруі мүмкін болса немесе егер ол үшінші тұлғаның жеке өмірінің құпиясын қозғайтын болса, іске қоса берілмеген материалдармен танысу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

      4. Іске қоса берілмеген материалдармен танысқаннан кейін адам оларды қылмыстық істің материалдарына қоса беру туралы өтінішхат бере алады. Тергеушінің, анықтаушының, прокурордың өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуына осы Кодекстің 105 және 106-баптарында көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін, судьяның бас тартуына істі сотта қарау аяқталған сот актісіне шағыммен бірге шағым жасалады.

      5. Сот талқылауы кезінде мәлімделген, жасырын тергеу әрекетінің іске қоса берілмеген материалдарымен танысу туралы өтінішхат бойынша шешімді осы істі қарайтын соттың дәл сол құрамы қабылдайды.

      6. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамның осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген хабардар ету кезінен бастап он бес тәулік ішінде осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен мамандандырылған тергеу сотына, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына тиісті жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді заңсыз деп тану және келтірілген нұқсанды (ондай болған кезде) өтеткізу туралы арызбен жүгінуге құқығы бар.

      Ескерту. 240-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

232-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шарттары мен негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

232-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шарттары мен негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жата...

Толық оқу »

233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылған органның уә...

Толық оқу »

239-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау және дәлелдеуде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

239-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау және дәлелдеуде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасырын тергеу әрекеттері...

Толық оқу »

Статья 234. Санкционирование негласных следственных действий УПК РК Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан

234-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасырын тергеу әрекеттері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзег...

Толық оқу »

235-бап. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

235-бап. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кейiнге қалдыруға болмайт...

Толық оқу »

673-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

673-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қылмысты...

Толық оқу »

231-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

231-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы тараудың ережелеріне сәйкес мынадай жасырын тергеу әрекетте...

Толық оқу »

107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Ескерту. 107-...

Толық оқу »