320-бап. Сотқа келiп түскен iс бойынша анықталуға жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
Судья сот отырысын тағайындау мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу кезiнде сотталушылардың әрқайсысына қатысты мыналарды:
1) iстiң осы соттың соттылығына жататынын-жатпайтынын;
2) iс бойынша iс жүргiзудi тоқтатуға не тоқтата тұруға әкеп соқтыратын мән-жайлардың бар-жоғын;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізу, процестік келісім жасасу, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу кезінде сот отырысын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңды бұзуға жол берілгенін-берілмегенін;
4) айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы көшірмелерінің берілгенін-берілмегенін;
5) айыпталушыға таңдалған бұлтартпау шарасының өзгертілуге немесе күші жойылуға немесе оны қолдану мерзімінің ұзартылуға жататынын-жатпайтынын;
6) қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірiлген залалды өтеудi және мүлікті ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету шаралары қабылданғанын-қабылданбағанын;
7) арыздар мен өтiнiшхаттардың бар-жоғын анықтауға тиiс.
Ескерту. 320-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы