670-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Тәркілеу туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша сот қаулы шығарады.
2. Сот қаулы шығарған кезде мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, күдікті, айыпталушы мүлкінің тәркілеуге негіз болып табылатын қылмыспен байланысты-байланыссыз екені;
2) үшінші адам мүлкінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген тәсілмен сатып алынған-алынбағаны;
3) тәркілеудің қолданылуға жататын-жатпайтыны және ол мүліктің қай бөлігіне қолданылуға тиіс екені;
4) тыйым салынған немесе алып қойылған, оған қатысты тәркілеу қолданылмайтын мүлікпен не істеу керектігі;
5) тәркілеу туралы іс жүргізу шығыстарының мөлшері қандай және оның кімге жүктелетіні туралы мәселелерді шешеді.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы