398-бап. Айыптау үкiмiнiң қарар бөлiгi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Айыптау үкiмiнiң қарар бөлiгiнде:
1) сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде);
2) сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тану туралы шешiм;
3) сотталушы ол бойынша кiнәлi деп танылған қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ);
4) жасалғанына сотталушы кiнәлi деп танылған әрбiр қылмыстық құқық бұзушылық үшiн оған тағайындалған негiзгi және қосымша жазаның түрi мен мөлшерi, қылмыстардың қайталану түрі, сондай-ақ алдыңғы үкiм бойынша шартты түрде сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау, алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жою туралы шешiм және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 58 және 60-баптарының негiзiнде өтелуге жататын түпкiлiктi жазалау шарасы көрсетiлуге тиiс.
Сот бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындаған кезде үкiмде сотталған адам жазасын өтеуге тиiс мекеменiң түрi мен режимiн көрсетедi, ал сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар тағайындалған кезде, үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн оның он тәулiк iшiнде пробация қызметiне есепке қою үшiн келуі мiндетiн белгiлейдi;
Сот мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны тағайындаған кезде үкімде қай мүліктің тәркіленуге жататынын көрсетеді және (немесе) тәркіленуге жататын нысаналарды санамалайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот тәркіленуге жататын ақша сомасын көрсетеді.
5) шартты түрде соттаған кезде, бас бостандығын шектеуге пробациялық бақылау мерзiмiнiң ұзақтығы және сотталған адамға жүктелетiн мiндеттер, сондай-ақ оларды орындамаудың заңда көзделген салдарлары, кепілгерлік белгілене отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде кепілгерлік мерзімінің ұзақтығы және осы кезеңде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың салдарлары;
6) сотталған адамды құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, мемлекеттiк наградаларынан айыру (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыну енгiзу) туралы шешiм;
6-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы шешім;
6-2) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы шешім;
7) егер сотталушы үкiм шығарылғанға дейiн ұстап алынса және оған күзетпен ұстау, үйқамақ түрiнде бұлтартпау шаралары қолданылса немесе ол арнаулы медициналық ұйымға орналастырылса, алдын ала күзетпен қамауға алуды есепке алу туралы шешiм;
8) сотталған адамға мәжбүрлеп емдеудi қолдану және қамқоршылық белгiлеу туралы шешiм;
9) үкiм заңды күшiне енгенге дейiн сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы және процестік мәжбүрлеу шарасы туралы шешiм;
10) негізгі жазаны орындауды кейінге қалдыру туралы мәселенің шешімі;
11) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жазалау туралы шешім көрсетiлуге тиiс.
2. Сотталушы қылмыстық заңның бiрнеше бабы (баптардың бөлiктерi, тармақтары) бойынша айыпталған жағдайда, үкiмнiң қарар бөлiгiнде олардың қайсысы бойынша сотталушының ақталғаны және қайсысы бойынша сотталғаны көрсетiлуге тиiс.
3. Сотталушы жазаны өтеуден босатылған немесе үкiм жаза тағайындалмай шығарылған немесе жазасын өтеудi кейiнге қалдыру қолданылған жағдайда, бұл туралы үкiмнiң қарар бөлiгiнде көрсетiледi.
Ескерту. 398-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы