⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 40-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

40-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

40-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi  

 

    1. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян:

    1) олар айырылған жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды, өзге де қаражаттар мен табыстарды;

      2) соттың үкiмi немесе өзге де шешiмi негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi;

         3) соттың заңсыз үкiмiн орындау үшiн өндiрiп алынған айыппұлдарды; заңсыз әрекеттерге байланысты адам төлеген сот шығындары мен өзге де сомаларды;

          4) заң көмегін көрсету үшiн адам төлеген сомаларды;

     5) қылмыстық қудалау салдарынан шегілген өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды.

      2. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды күзетпен ұстауға, қамаққа алуды немесе бас бостандығынан айыруды өтеу орындарында ұстауға жұмсалған сомалар, бұл адамдарды қылмыстық қудалауға байланысты сот шығындары, сол сияқты олардың күзетпен ұсталуы, қамаққа алуды немесе бас бостандығынан айыруды өтеуi уақытында қандай да бiр жұмыстарды орындағаны үшiн алған жалақысы қылмыстық процестi жүргiзетін органның заңсыз әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу төлемiне жататын сомадан шегеріле алмайды.

      3. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған адамдар осы Кодекстiң 39-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн зиянды өтеу тәртiбi туралы хабарламамен бiрге алған кезде қылмыстық істі тоқтату туралы үкім шығарған, қаулы шығарған сотқа, не адамның тұрғылықты жері бойынша сотқа не сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi тоқтату туралы қаулы шығарған органның орналасқан жері бойынша сотқа мүлiктiк зиянды өтеттіру туралы не өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы талаппен жүгiнуге құқылы. Егер жоғары тұрған сот қылмыстық iстi тоқтатса немесе үкiмдi өзгертсе, зиянды өтеу туралы талап үкiм шығарған сотқа жiберiледi. Кәмелетке толмаған адамның атынан зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi мәлiмдеуге құқылы.

    4. Судья арыз түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қорғау органдарынан есеп-қисап сұрата отырып, зиянның мөлшерiн айқындайды, содан кейiн инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеу үшiн төлем жүргiзу туралы қаулы шығарады. Егер сот iстi апелляциялық немесе кассациялық тәртiппен қарау кезiнде тоқтатса, iстi бiрiншi сатыда қараған соттың судьясы көрсетiлген әрекеттердi сот талқылауын өткiзбестен жеке-дара жүргiзедi.

      5. Соттың мүліктік зиянды өтеу үшін төлем жүргізу туралы заңды күшіне енген қаулысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалады.

   6. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың заңсыз әрекеттерімен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу туралы талап осы бапта көзделген тәртіппен қаралады және мемлекет зиянды белгіленген көлемде өтейді.

      Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі; 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жәбірленушілердің Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қ...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 173. Фонд компенсации вреда потерпевшим Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 173. Фонд компенсации вреда потерпевшимУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Лица, признанные постановлением органа уголовного преслед...

Толық оқу »

Комментарий к статье 23. Невиновное причинение вреда УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 23. Невиновное причинение вредаУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Деяние признается совершенным невиновно, если действия (бездействие) и н...

Толық оқу »

Комментарий к статье 33. Причинение вреда при задержании лица, совершившего посягательство УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 33. Причинение вреда при задержании лица, совершившего посягательствоУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Не является преступлением причинен...

Толық оқу »

Комментарий к статье  103. Умышленное причинение тяжкого вреда здоровью УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 103. Умышленное причинение тяжкого вреда здоровью УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Умышленное причинения тяжкого вреда здоровью, опасног...

Толық оқу »

Комментарий к статье  105. Умышленное причинение легкого вреда здоровью  УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 105. Умышленное причинение легкого вреда здоровью УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан Умышленным причинением легкого вреда здоровью признается...

Толық оқу »

Комментарий к статье 108. Причинение вреда здоровью в состоянии аффекта УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 108. Причинение вреда здоровью в состоянии аффекта УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан Умышленное причинение тяжкого вреда здоровью, совершенн...

Толық оқу »

Комментарий к статье 109. Причинение тяжкого вреда здоровью при превышении пределов необходимой обороны УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 109. Причинение тяжкого вреда здоровью при превышении пределов необходимой обороны УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан Умышленное причинение т...

Толық оқу »

Комментарий к статье 110. Причинение тяжкого вреда здоровью при задержании лица, совершившего преступление УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 110. Причинение тяжкого вреда здоровью при задержании лица, совершившего преступление УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан Умышленное причинен...

Толық оқу »

Комментарий к статье 111. Неосторожное причинение вреда здоровью К РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 111. Неосторожное причинение вреда здоровью К РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Причинение тяжкого вреда здоровью по неосторожности, - наказ...

Толық оқу »

Комментарий к статье 104. Умышленное причинение средней тяжести  вреда здоровью УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 104. Умышленное причинение средней тяжести вреда здоровью УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Умышленное причинение средней тяжести вреда з...

Толық оқу »

38-бап. Қылмыстық процестi жүргiзетiн органның заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеткізуге құқығы бар адамдар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

38-бап. Қылмыстық процестi жүргiзетiн органның заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеткізуге құқығы бар адамдар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процест...

Толық оқу »

39-бап. Зиянды өтеткiзу құқығы және талап қою мерзімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

39-бап. Зиянды өтеткiзу құқығы және талап қою мерзімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процестi жүргiзетін орган адамды толық...

Толық оқу »

114-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

114-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтiру сексен айлық есептік...

Толық оқу »

113-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

113-бап. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшiн қажетт...

Толық оқу »

112-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

112-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалғ...

Толық оқу »

111-бап. Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

111-бап. Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлық-зомбылықтан, қорлаудан немесе а...

Толық оқу »

107-бап. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

107-бап. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру бір мың...

Толық оқу »

106-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

106-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру үш жылдан сегіз жылға дейiнгi...

Толық оқу »

33-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

33-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаған адамды мемле...

Толық оқу »

Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысы.

Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысы. Ескерту. Бүкіл...

Толық оқу »

Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 7 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотыны...

Толық оқу »