23-бап. Кінәсіздікпен зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
- Егер әрекеттерді (әрекетсiздiкті) және қоғамға қауiптi туындаған зардаптарды жасаған адамның пиғылында болмаған болса, ал мұндай іс-әрекетті абайсызда жасағаны және қоғамға қауiптi зардаптар келтiргенi үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық көзделмесе, іс-әрекет кінәсіздікпен жасалған деп танылады.
- Егер іс-әрекет жасаған адам өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптiлiгiн ұғынбаған болса және iстiң мән-жайлары бойынша ұғына алмаған болса не қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы мүмкiн екенiн алдын ала болжап білмеген болса және iстiң мән-жайлары бойынша оларды алдын ала болжап білуге тиiс болмаса немесе біле алмаған болса, іс-әрекет кінәсіздікпен жасалған деп танылады. Егер іс-әрекет жасаған кезде қоғамға қауiптi зардаптардың туындауын алдын ала болжап білген адам бұған жеткiлiктi негiздерде оларды болғызбауға болады деп есептеген болса не өзiнiң психикалық-физиологиялық қасиеттерiнiң қысылтаяң жағдайлар талаптарына немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға сәйкес келмеуi салдарынан осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмеген болса да, іс-әрекет кінәсіздікпен жасалған деп танылады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы