61-бап. Жаза мерзiмдерiн қосу кезiнде мерзімдерді айқындау тәртiбi ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
- Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы және үкiмдердiң жиынтығы бойынша жазаларды iшiнара немесе толық қосу кезiнде:
1) бас бостандығынан айырудың бiр күнiне айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының төрт айлық есептік көрсеткіші, қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты, қамаққа алудың бір тәулігі, бас бостандығын шектеудің бір күні сәйкес келеді;
2) бас бостандығын шектеудің бiр күнiне айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының төрт айлық есептік көрсеткіші, қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты, қамаққа алудың бір тәулігі сәйкес келеді;
3) қамаққа алудың бір тәулігіне айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының төрт айлық есептік көрсеткіші, қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты сәйкес келеді;
4) қоғамдық жұмыстардың бір сағатына айыппұлдың немесе түзеу жұмыстарының бір айлық есептік көрсеткіші сәйкес келеді;
5) түзеу жұмыстарының бір айлық есептік көрсеткішіне айыппұлдың бір айлық есептік көрсеткіші сәйкес келеді.
- Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу, мүлiктi тәркiлеу, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары оларды айыппұлмен, түзеу жұмыстарымен, қоғамдық жұмыстарға тартумен, бас бостандығын шектеумен, қамаққа алумен, бас бостандығынан айырумен қосқан кезде дербес орындалады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы