⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

9-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

      1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдарын енгізу қызмет немесе әрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейін, кәсіпкерлік субъектілеріне объективті түрде қажетті ең аз жүктеме кезінде тұтынушылардың құқықтарын барынша тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. 

      Мемлекеттік реттеу шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын жаңа талаптар тұтынушылар, мемлекет үшін пайда мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға байланысты шығасылардан басым болған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін. 

      2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделмеген құжаттарды және (немесе) қосымша мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқылы емес. 

      3. Біліктілік және рұқсат беру талаптары кәсіпкерлік субъектілеріне жүзеге асырылатын қызмет, әрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің немесе объект қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстардың, нормативтер мен көрсеткіштердің ең аз қажетті жиынтығын қамтамасыз етуге тиіс. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)   Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы