9-1-бап. Нетто-тұтынушыларды энергия беруші ұйымдардың желілеріне қосу және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын сату шарттары Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы
1. Энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушы энергия беруші ұйымның желілеріне тұтынушы ретінде қосылған кезде онымен электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын жасасуға міндетті.
2. Энергия беруші ұйым нетто-тұтынушыға тиесілі ауқымы шағын объектінің шекараларын бөлгенге дейін өзінің жағындағы нүктеде энергия беруші ұйымның электр желісіне нетто-тұтынушының кедергісіз қосылуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Нетто-тұтынушы өзiне қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйымға оның қолданыстағы тарифi бойынша электр желiсiнен есептi кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiне, нақ сол кезең iшiнде электр желiсiне өзі берген көлемдi шегере отырып, ақы төлейдi.
Электр желiсiне есептi кезең iшiнде нетто-тұтынушы берген электр энергиясының көлемi электр желiсінен нақ сол кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiнен асып кеткен жағдайда, қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушыға жоғарыда аталған асып кету көлеміне оның шекті бағасы бойынша (тұтынушылар топтары бойынша сараламай) ақы төлейдi.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымның нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатуы нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды – ҚР 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV Заңы.
Осы Заң жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдаудың мақсаттарын, нысандары мен бағыттарын айқындайды, сондай-ақ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды қолдау және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану тетігін реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы