⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Тұлғаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

8-бап. Тұлғаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Тұлғаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 

      1. Әркім бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

      2. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде, азаматтар мен заңды тұлғалар осы Кодексте белгіленген тәртіппен басқа тұлғалардың немесе тұлғалардың белгісіз бір тобының бұзылған немесе даулы заңды мүдделерін қорғау туралы арыз беріп, сотқа жүгінуге құқылы.

      Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қоюды беріп, сотқа жүгінуге құқылы.

      3. Өзінің келісімінсіз ешкімге ол үшін заңда көзделген соттылық өзгертілмейді.

      4. Егер заңға қайшы келсе немесе кімнің де болсын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.

      5. Талап қою осы Кодексте көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, сотқа жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.

      6. Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады.

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы