94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Қорғаушы, сондай-ақ жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердiң өкiлi мына мән-жайлардың кез келгенi болған кезде:
1) егер ол бұрын iске судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, куә, сарапшы, маман, аудармашы немесе куәгер ретiнде қатысса;
2) егер ол осы iстi тергеп-тексеруге немесе соттың қарауына қатысқан немесе қатысып отырған лауазымды адаммен туыстық немесе басқа да жеке тәуелділік қатынастарда болса;
3) егер ол қорғалушымен немесе сенiм бiлдiрушiмен мүдделері қарама-қарсы адамға заң көмегін көрсетiп жүрсе немесе бұрын көмек көрсеткен болса, сол сияқты мұндай адамдармен туыстық немесе өзге де жеке тәуелділік қатынастарда болса;
4) егер ол заңның немесе сот шешiмiнің күшіне орай қорғаушы немесе өкiл болуға құқылы болмаса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкілін қатысудан шеттету туралы мәселенi – прокурор, ал сотта іс жүргізу кезінде істі қарайтын сот шешеді.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы