Жалақыны, ақшаны мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдар, өндірістік жарақат үшін моральдық зиянды өндіріп алу немесе өтеу туралы
Талапкер Б.Ш. С-касов Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотына жауапкер «Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі» ММ-не 1997 жылдың 01 қазанынан 1998 жылдың 01 сәуіріне дейінінгі 17 160 теңге сомасындағы жалақыны; 1998 жылдың 01 сәуірінен қазіргі күнге дейін заңғы қайшы оның 17 160 теңге сомасындағы ақшасын қолданғаны үшін 1 000 000 теңге сомасында тұрақсыздық айыбын; 1998 жылдың 24 наурызынан 2009 жылдың 11 наурызына дейін заңғы қайшы оның 1 039 654 теңге сомасындағы ақшасын қолданғаны үшін 4 000 000 теңге тұрақсыздық айыбын; 45 000 000 теңге көлемінде келтірілген материалдық залал үшін өтемақыны өндіру туралы талап арызымен жүгінген. Тайыншы құрғақ сүт зауытында жұмыс атқарғанда талапкерге өндірістік жарақат келтіріліп, өндірісте 3 топ мүгедегі деп танылып, кәсіпорын банкрот деп танылып, оған тиесілі ақшалай қаражат төленбегендіктен, моральдық залал келтіру салдарынан талап арыз туындаған.
Аталған соттың ұйғарымымен талапкер Б.Ш.С-совтың жауапкер «Қазақстан Республикасының денсаулық және әлеуметтік дамыту Министрлігіне» 50 000 000 теңге сомасында моральдық залалды өндіру туралы ісі бойынша АІЖК-нің 247-бабының 2-тармағына сәйкес өндіріс тоқтатылған.
Сот шешімімен талап қанағаттандырылмаған.
Талапкер сот шешімімен келіспегендіктен, апелляциялық шағымында оның күшін жойып, әділсіздігін, конкурстық өндіріс кезінде капитализация төленгенде, ең төмен жалақы мөлшері есепке алынбағаны туралы бұзушылықтарды көрсете, талап арызды толығымен қанағаттандыруды сұраған.
Іс материалдарынан, 1987 жылдың 06 қаңтарында талапкер Б.Ш. Садвакасов Тайыншы құрғақ сүт зауытында жұмыс істегенде, өндірістік жарақат алған, 3 топ мүгедегі деп танылған, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 60 % құраған. 30 қазан 1997 жылғы СҚО Тайыншы аудандық сотының шешімімен «Тайынша» АҚ-нан Б.Ш.Садвакасовтың пайдасына 17 723 теңге сомасы, 5317 теңге инфляция, 3000 теңге моральдық залал, 19 749 теңге жолдама бағасы, барлығы 45789 теңге өндірілген. Талапкер аталған сот шешімінің орындалмағанын көрсеткен.
1998 жылдың 24 наурызында «Тайынша» АҚ-ы банкрот деп танылған. 20 қараша 2008 жылғы Астана қаласының Алматы аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінен республикалық бюджеттен 1 039 654 теңге мөлшерінде капиталдандыру сомасы өндірілген, 2011 жылдың 08 сәуірінде осы Министрліктен моралдық залалды өндіру талабы қанағаттандырылмаған.
Б.Ш.С-касов ұқсас талаппен бұрын Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігіне және Қазақстан Республкасының Әділет Министрлігіне жүгінген, алайда талап қанағаттандырылмаған.
2005 жылғы 28 қазандағы № 4 «Банкроттық салдарынан заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану практикасы туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысының 3 т. Ережесіне сәйкес, капиталдандыру банкрот алдында қаражат жетіспеуінен, бiрiншi кезектегi кредиторлардың талаптары конкурстық басқарушы арыздануы қажет. Капиталға айналдырылған төлем (өтемақы) сомасы индексациялауға жатпайды, сонымен қоса ең төмен жалақы өзгергенімен де өзгертілмейді.
20 қараша 2008 жылғы Астана қаласы Алматы аудандық сотының шешімімен республикалық бюджеттен Б.Ш.С-овтың пайдасына 1 039 654 теңге көлемінде, бірінші кезектегі кредиторлар талабының реестріне енгізілген уақытына қарай төлемдердің капиталдандыру сомасы өндірілген. Барлық талаптар конкурстық басқарушыға қойылып және кредиторлар талаптары реестріне енгізіледі.
Алқа талапкердің, Нормативтік қаулы кейін қабылданғандықтан және кері күші болмағандықтан оған қолданылуы тиіс емес, - деген уәжі негізсіз деп таныды. Құқықтық қатынастарды реттеу үшін, әрекет жасалған уақытындағы қолданыстағы заң қолданылады. АК-нің 945-бабына сәйкес, өмір мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн белгіленген тәртiппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда тиiстi төлемдер заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген ережелер бойынша оларды жәбiрленушiге төлеу үшiн капиталдандырылуы тиіс.
Таратылатын заңды тұлғада мүлiктiң болмауы немесе жеткiлiксiз болуы себептi төлемдердi капиталдандыруды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайларда тағайындалған сомаларды жәбiрленушiге заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен мемлекет төлейдi. Бұл Заң кәсіпорынды тарату уақытында қолданыста болған. Мемлекет пен оның органдарының капиталдандыру төлемдерімен шектелгендіктен, талапкерге конкурстық өндіріс шеңберінде талаптарымен жүгінуіне қажет еді. Бұл кодекстің нормасына Нормативтік қаулымен түсінік берілді.
Конкурстық өндірістің аяқталуы кезінде келтірілген бұзушылықтар жауапкерлерді жауапкершілікке тарту үшін негіз болып саналмайды, өйткені белгіленген тәртіпте уақытылы шағымдалмаған. Сонымен қоса, бұл бұзушылықтар үшін жауапкер талапкердің алдында жауапты емес.
Ақмола облыстық сотының апелляциялық алқасы заңды және негізді сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз көрмеді, және 16 шілде 2015 жылғы Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылған, апелляциялық шағым қанағаттандырылмаған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі келтірген материалдық, моральдық зиянды өндіру және жұмысқа қайта орналастыру
57 рет жүктеп алынды -
6AE9~1
64 рет жүктеп алынды