Азаматтың денсаулығына келтірілген зиянды немесе қайтыс болғанда моральдық зиянды өтеу
Соттардың мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондайақ қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талап арызымен жүгіну кезінде материалдық залалды талап етуімен бірге талапкерлер моральдық залалдың орнын толтыру жөнінде сотқа жүгінеді.
Бұндай талаптар, егер моральдық зиян Қазақстан Республикасының АК-нің 951-бабында көзделген өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi бұзылғанның нәтижесінде әдеттегідей, ішінара қанағаттандырылады.
Қазақстан Республикасының Жоғары сотының 2001 жылғы 21 маусымындағы «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 3-тармағында бұзылуы, айырылуы немесе кемiтiлуi азаматқа моральдық зиян келтiруге әкеп соғатын мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар деп азаматқа тумысынан немесе заңға сәйкес тиесiлi және оның жеке басымен тiкелей байланысты құқықтар мен игiлiктердi түсiну қажет деп түсіндірілген.
Мысалғы: Павлодар облысы Ақсу қалалық сотының 06 сәуір 2015 жылғы шешімімен, талапкер А.Т.Ал-ның кәмелетке толмаған ұлы М.Т.А-втың мүддесімен жауапкер Р.М.Я-вке қарсы берген моральдық зардапты өндіру туралы талабы жартылай қанағаттандырылған. Р.М.Я-тан А.Т.А-ваның пайдасына моральдық зардап өтемі ретінде 70 000 тенге өндірілген. А.Т.А-ова кәмелетке толмаған ұлы 05 тамыз 2010 жылы туылған А-нов Мустафа Тлекұлының мүддесінен әрекет ете отырып, Р.М.Я-вке қарсы моральдық зардапты өндіру туралы талаппен сотқа жүгінген. Өзінің талаптарын келесідей негіздейді, жауапкер 25 маусым 2014 жылы сағат 14.30-да жол-көлік оқиғасының салдарынан ұлының денсаулығына жеңіл зардап келтірген. Моральдық зардап 500 000 теңге өндіріп беруді сұраған. Сотпен анықталғаны, 2014 жылдың 25 маусымында 14.30 сағатта Р.М.Я-иев өзіне жекеменшік негізде тиесілі маркасы «Mercedes-Benz 260» тіркеу нөмірі 028 BTA автокөлігін жүргізіп, Ақсу қаласы Ауэзов көшесі №39 үйде орналасқан «Достық» дүкенінің тұрағында кері жүріс әрекетінен жаяу адам 05 тамыз 2010 жылы туылған А-анов Мустафа Тлекұлын басып кеткен. Жауапкермен жасалған құқықбұзушылық нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына зардап тигізген.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.