⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Экстремизмдi немесе террористiк іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистiк немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiш бойынша іс жүргізу туралы

Экстремизмдi немесе террористiк іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистiк немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiш бойынша іс жүргізу туралы

Экстремизмдi немесе террористiк іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистiк немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiш бойынша іс жүргізу туралы

Экстремизмдi немесе террористiк іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистiк немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiш бойынша іс жүргізу туралы

              Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-бабына сәйкес сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.

Цензураға тыйым салынады. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.

Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.

Осы ата Заңымыздың 22-бабына сәйкес - әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

Қазақстан Республикасы әрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылатынын таниды, азаматтардың діни сеніміне қарамастан, тең құқылы болуына кепiлдiк бередi, Қазақстан халықтарының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтеудi таниды.

Мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлықзомбылыққа шақырумен байланысты дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктi құруға және оның қызметiне тыйым салынады.

Діни экстремизмді насихаттауға, сондай-ақ конфессияаралық айырмашылықтарды саяси мақсаттарға пайдалануға бағытталған iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының Президенті   2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дінге көзқарасын білдірген еді.

Өз жолдауында Елбасы - бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр деп көрсеткен. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз.

Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдік береді, бұл – факт. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығы да Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс.

Әркімнің таңдау құқығы бар. Діни таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен қарау керек, өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты.

Бүгінде, интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпараттар тасқындаған заманда, «сүзгі» адамның ішінде болу керек.

Ішкі «сүзгі» мәселелер қойып отыруға тиіс: аналарымыз, әпке- қарындастарымыз, қыздарымыз орамалға оранып алып, басқа халықтардың киімін кигені бізге керек пе? Бізбен бір дастарқанда отырып тамақ ішпеуге тиіс пе? Көлік жүргізбеуі керек пе? Мұның бәрі – басқа елдердің орныққан дәстүрлері, біздің даламызда ондай дәстүрлер ешқашан болған емес. Классиканы оқыңыздар, фильмдерді көріңіздер.

Біздің әйелдерде ұлттық тәкаппарлық, қалыптасқан киіну стилі бар, оны олар ибалылықпен ұстана біледі және біз, ерлер, әйелдердің осы қасиетін жиі теріс пайдаланамыз. Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, атаананы сыйлауға негізделген.

Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек.

Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек.

Біз өзін өзі ұстаудың ерекше үлгілерін алуға тиіспіз.

Мен жария етіп отырған стратегия біздің халқымызды орта ғасырларда емес, ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындайды.

Мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс.

Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр.

Дінбасылар да ортақ алаңдаушылық білдіруде. Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек. Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат.

Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына қарама-қайшы. Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар.

Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның негізін күл-талқан еткісі келетін қылмыстық іс-әрекет жасырынып жатыр. Бұл – біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл.

Бұл – біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық кемелдігіміздің мықтылығының сынға түсуі. - Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз керек.

Біз терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе де, радикализм мен экстремизмнің жолын кесу керек. - Біз әлеуметтік, этностық және діни шиеленістер мен қақтығыстарды еңсерудің жаңа сенімді механизмдерін жасауымыз керек.

Дәстүрлі емес секталар мен күмәнді жалған діни ағымдардың іс-әрекетін қатаң түрде тыйып отыру қажет.

- Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек.

- Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі беретін артықшылықтарды да пайдалануымыз керек.

Осы әңгімелесу алаңының арқауында діни ыңғайдағы дауларды шешудің жаңа платформасын жасауымыз қажет.

- Біз діни және этностық дауларды шешу үшін аймақтағы ыстық нүктелерде, Үлкен Таяу Шығыс аясында, тіпті одан да ауқымды деңгейде араағайындық жасауға дайын болуымыз керек.

Біздің мемлекетіміздің зайырлы келбеті – Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты.

Мұны Қазақстанның қазіргі және болашақ саясаткерлері, барлық қазақстандықтар айқын түсінуге тиіс.Сөйте тұрып, мен ұлтты да сақтандырғым келеді.

 Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс. Дін мәселелерінде ойластырылған қадам және өте мұқияттылық қажет.

Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық және төзімділік еркіндігі принциптерін қастер тұтуымыз керек деп көрсетті.

Елбасы осы жолдауында Үкіметке өзінің Әкімшілігіммен бірлесіп, діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама дайындауды тапсырған еді.

Осыған орай еліміздің Президенті 2013 жылы 24 қыркүйекте № 648 «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы ісқимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» жарлыққа қол қойған еді.

Бағдарламаның басты мақсаты - діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылса, негігі міндеттері болып - қоғамда тағатты діни сананы және радикалдық идеологияға деген имунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроизмнің алдын алу шараларын жетілдіру.

Діни экстрмизм мен терроизмнің көріністерін, соның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жолымен анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттыру.

Экстремистік және террористік әрекеттердің салдарларын азайту және жою шараларының жүйесін жетілдіру болы табылады. Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және де Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актiлерiнен тұрады.

Eгер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларына байланысты бірталай заң қабылданды.

Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Заңдары, Үкімет қаулылары, халықаралық шарттар, хаттамалар, конвенциялар, келісімдер, меморандумдар, баяндамалар, ережелер, ұсыныстар, бұйрықтар және басқа да маңызды құжаттар.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабы 2-тармағын ресми түсіндіру және "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 2009 жылы 20 тамызда № 5 нормативтік қаулысын қабылдаған болатын.

Экстремизм мен терроризм мәселелерін тікелей шешуге бағытталған Заң - ол Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31 «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I «Терроризмге қарсы ісқимыл туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31 Экстремизмге қарсы іс-қимыл Заңы - адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негiздерiн қорғау, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн, ұлттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету мақсатында экстремизмге қарсы iс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.

Экстремизм: жеке және (немесе) заңды тұлғаның, белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдар атынан жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы; жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды:

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертудi, егемендiгiн, оның аумағының тұтастығын, қолсұғылмаушылығын және бөлiнбестігiн бұзуды, мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiрудi, билікті күшпен басып алуды немесе билікті күшпен ұстап тұруды, заңсыз әскерилендiрілген құралым құруды, оған басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлiк ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтік, тектiк-топтық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизмдi);

нәсілдiк, ұлттық және рулық алауыздықты, оның iшiнде зорлықзомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды (ұлттық экстремизмдi);

дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлықзомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;

Экстремизмге қарсы iс-қимыл – мемлекеттiк органдардың адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негiздерiн, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен ұлттық қауiпсiздiгiн экстремизмнен қорғауды қамтамасыз етуге, экстремизмнің алдын алуға, оны анықтауға, оның жолын кесуге және салдарларын жоюға, сондай-ақ экстремизмдi жүзеге асыруға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған қызметi;

Экстремистiк әрекеттер – экстремистiк мақсаттағы әрекеттер жасауға жария түрде шақыруды, экстремистiк ұйымдардың нышандарын насихаттауды, үгіттеуді және көпшiлiкке жария көрсетудi қоса алғанда, осындай әрекеттердi тiкелей iске асыру;

Экстремистiк әрекеттерді ұйымдастыру – экстремистiк әрекеттерге басшылық ету, экстремизмдi қаржыландыру, экстремистiк мақсатта адамдарды азғырып тарту, құралдар мен қарулар жасау және иемдену, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiктерiнің экстремизмдi жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасауға бағытталған басқа да әрекеттерi;

Экстремистiк материалдар – экстремистік әрекеттердiң белгілерін және (немесе) оны жүзеге асыруға шақыруды қамтитын не оларды жасау қажеттігін негiздейтiн немесе ақтайтын кез келген ақпараттық материалдар;.

Экстремистік топ – бір немесе бірнеше экстремистік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;

Экстремистік ұйым – экстремизмдi жүзеге асыратын және сот экстремистiк деп таныған заңды тұлға, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігi.

Қазақстан Республикасының аумағында мақсаттары немесе әрекеттерi экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған ұйымдарды (филиалдар мен өкілдiктерді) құруға және олардың іс-әрекетіне тыйым салынады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдардың атауларын құрылатын ұйымдардың атауларында пайдалануға жол берілмейдi. Экстремизмге қарсы iс-қимылдың негiзгi мiндеттерi:

экстремизмнiң көрiнiс беру нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасында оны жүзеге асыруға жол бермеу; Экстремизмдi жүзеге асыру үшiн жағдайлар мен мүмкiндiктер жасауды болғызбау; Азаматтардың саяси және құқықтық мәдениетiн қалыптастыру;

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсiздігін қамтамасыз ету болып табылады. Экстремизмге қарсы iс-қимыл:

Заңның үстемдiгi; Нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, қандай әлеуметтiк топқа жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi;

Қоғамдық, соның iшiнде ұлтаралық және конфессияаралық келiсiм; мемлекеттiң және қоғамдық институттардың өзара iс-қимылы; жариялылық принциптерiне негiзделедi.

Экстремизмге қарсы iс-қимыл мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Экстремизмнен сақтандыруға, соның iшiнде оны жүзеге асыруға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және кейiннен жоюға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау; Экстремизмдi анықтау және оның жолын кесу; экстремизмге қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде экстремизмнен сақтандыруға бағытталған мынадай алдын алу шараларын iске асырады:

1) діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктер мен миссионерлердiң қызметiне зерделеу мен талдау жүргiзедi, өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттықнасихаттық iс-шараларды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты мәселелердi қарайды, Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы iсқимыл туралы заңнамасын бұзатын дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу туралы ұсыныстар енгiзедi;

2) бұқаралық ақпарат құралдары iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнде экстремизмдi насихаттауға және ақтауға жол бермеу, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысында оларға мониторинг жүргiзедi, мемлекеттiк тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында ұлтаралық және конфессияаралық келiсiмдi нығайту мәселелерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi;

3) бiлiм саласындағы орталық атқарушы орган бiлiм беру ұйымдарында оқушылардың экстремизм идеяларын қабылдамауын, халықаралық құқық пен iзгiлiктiң көпшілік таныған принциптерiн құрметтеуiн қалыптастыруға бағытталған тәрбиелiк бағдарламалардың бекiтiлуiн және iске асырылуын қамтамасыз етедi, оқу орындарының студенттер алмасу мәселелерi бойынша халықаралық шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары жеделiздестiру iс-шараларын жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдардың дәлелдi қорытындылары бойынша өздерiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кiруiне жол бермеу жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары жедел-iздестiру қызметiн, қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде атқарушылық және өкiмдiк функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ өздерiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам мен мемлекет қауіпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасынан шығарып жiберудi жүзеге асырады;

6) облыстардың (республикалық маңызы бap қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдары қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимылды жүзеге асырады, тиiстi аумақтарда құрылған діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметiн зерделеудi жүзеге асырады, олар туралы деректер банкiн жасайды, өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша өңiрлiк деңгейде ақпараттықнасихат iс-шараларын жүзеге асырады, өңiрдегi дiни ахуалға зерделеу мен талдау жүргізедi;

7) сыртқы барлау субъектілері өз iс-әрекеттерiмен қоғамның және мемлекеттің қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шет мемлекеттердің ұйымдарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын хабардар етуді жүзеге асырады.

Ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер органдары және экономикалық тергеу қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органдардың қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтайды, жолын кеседi, ашады және тергейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Прокурорлар жеке және заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзғаны фактілерін тапқан кезде немесе дайындалып жатқан құқыққа қарсы әрекеттер туралы мәлiметтер болған кезде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделерiне зиян келтiруі мүмкін экстремистiк материалдар таратылған жағдайда, экстремизмнiң кез келген көрiнiстерiн, оны жүзеге асыруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру туралы прокурорлық қадағалау актілерін енгізеді, ұйымдар экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда олардың қызметiне тыйым салу туралы сотқа өтініш бередi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде экстремизмдi анықтау мен оның жолын кесуге қатысады. Ұйымды экстремистiк деп тану сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Егер ұйымның құрылымдық бөлiмшелерінің (филиалдары мен өкілдiктерiнің) бiреуi болса да осы ұйымның басшы органдарының бiрiнiң рұқсатымен экстремизмдi жүзеге асыратын болса, ұйым экстремистiк деп танылады. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында өз іс-әрекетін жүзеге асыратын ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен прокурордың өтiнiшi бойынша сот экстремистiк деп таниды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде прокуратура органдарына ұйымды экстремистiк деп тану үшiн қажеттi айғақтық базаны қалыптастыру үшiн материалдар беруге мiндеттi.

Экстремизмнің профилактикасы, оны анықтау және оның жолын кесу мақсатында өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган соттардың шешімдері негізінде экстремистік ұйымдарды, экстремистік деп танылған ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізеді.

Сот ұйымды экстремистік деп таныған және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін оны тарату арқылы іс-әрекетіне тыйым салған, сондай-ақ ақпараттық материалдарды экстремистік деп таныған не экстремизмді жасағаны үшін адамдарды жауаптылыққа тартқан кезде, өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға сот ақпараттық есепке алу құжаттарын дереу жіберуге міндетті.

Өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган сот экстремистік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық материалдардың бірыңғай тізімдерін жүргізеді. Көрсетілген тізімдер өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

Экстремизмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құзыретi шегiнде:

1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүмкiндiктерiн, сондай-ақ азаматтардың жәрдемін пайдалана отырып, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды;

2) экстремизм белгілері бар және осы мемлекеттік органдардың құзыретiне жататын іс-әрекеттердің дайындалуы және жасалуы фактiлерi мен белгiлерi туралы хабарлайды және өзара қажеттi көмек көрсетедi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары экстремизмнiң алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасып жұмыс iстейдi.

Экстремизмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтасып жұмыс iстейдi, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттердiң аумағында жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзедi.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк органдардың экстремизмге қарсы iс-қимыл жөніндегі қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желілері мен құралдарын экстремизмді жүзеге асыру үшін пайдалануға, сондай-ақ экстремистік материалдарды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын және экстремизм белгілері бар ақпараттық материалдарды прокурордың өтінішімен сот тыйым салу талабын мәлімдеген прокурордың тұрған жері бойынша немесе мұндай материалдардың табылған жері бойынша экстремистік деп танып, оларды әкелуге, басып шығаруға , әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым салады.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы - терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңмен Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады Күш қолдану идеологиясы – күш қолдануды, оның ішінде саяси, діни, идеологиялық және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін террористік әдістер мен құралдарды пайдалана отырып күш қолдануды жақтайтын қоғамдық теориялар,көзқарастар мен идеялар жүйесі;

Терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы;

Терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау;

Терроризм актісін жасауға шақыру – жария түрде айтылған немесе таратылатын ақпараттық материалда көрініс тапқан, жеке тұлғаны терроризм актісін жасауға итермелеу мақсатында оның санасына, еркіне және мінезқұлқына әсер ететін үндеу;

Террорист – террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам;

Террористік материалдар – терроризм актісін жасау тәсілдері мен құралдары туралы ақпаратты, сондай-ақ террористiк iс-әрекет белгілерін және (немесе) оны жүзеге асыруға шақыруды қамтитын не осындай iсәрекеттi жүзеге асыру қажеттiлігiн негiздейтiн немесе ақтайтын кез келген ақпараттық материалдар;

Террористік топ – бір немесе бірнеше террористік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ; Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл мынадай негізгі:

 1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, террористiк қылмыстарды жасау салдарынан қауiп төнген адамдардың өмiрi мен денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

2) заңдылықты сақтау; 2-1) терроризмге қарсы іс-қимыл шараларының террористік қауіп дәрежесіне мөлшерлес болуы;

3) терроризмнің алдын алуға басымдық беру;

4) террористік iс-әрекеттi жүзеге асырғаны үшiн жазаның болмай қалмайтындығы;

5) терроризмге қарсы іс-қимылдың саяси, ақпараттық-насихаттық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, арнайы және өзге де шараларының жүйелі болуы және оларды кешенді пайдалану;

6) терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезiнде тартылатын күштер мен құралдарға жедел басшылық жасауда дара басқару;

7) терроризмге қарсы іс-қимылдың жария және жария емес әдістерінің ұштасуы;

8) терроризмге қарсы операциялардың тактикасы, нысандары, әдістері, құралдары және қатысушыларының құрамы туралы мәліметтерге шектеулі қолжетімділікті қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау болып табылады.

Мемлекет террористердің қол сұғушылығынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету субъектісі болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, ол:

1) мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіреді;

2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру және террористік қатерлерді бейтараптандыруға дайын болу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруын бақылауды жүзеге асырады; 3) өз өкілеттігі шегінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

4) Қазақстан Республикасының Президентіне терроризмге қарсы ісқимыл бойынша қолданылатын шаралар туралы жыл сайынғы баяндаманы ұсынады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентін және Үкіметін террористік қатерлер туралы ағымдағы хабардар етуді жүзеге асырады;

5) террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігі туралы хабардар ету, терроризмге қарсы іс-қимыл мен терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығуларды өткізу арқылы олардың терроризмге қарсы қорғалуы деңгейінің артуына ықпал етеді;

6) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіру осы органдардың өзара іс-қимылына қол жеткізу, өзара ақпарат алмасу және ортақ міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін олардың іс-әрекеттерінің келісілуі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы шешімдерін іске асыру үшін аталған органдардың нормативтік құқықтық және құқықтық актілері шығарылуы мүмкін. Қызметті үйлестіруді:

терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының шеңберінде ұлттық қауіпсіздік органдары;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жанынан құрылатын терроризмге қарсы комиссиялар шеңберінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері жүзеге асырады.

Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін олардың уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына іссапармен барады немесе жіберіледі.

Мемлекеттік органдардың уәкілетті өкілдерінің Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына іссапармен баруының немесе оларды жіберудің тәртібі Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде айқындалады.

Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені және терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ереженің негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері терроризмге қарсы комиссиялар туралы ережелерді бекітеді.

Қажет болған кезде терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметке өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар тартылуы мүмкін. Жергілікті атқарушы органдар орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссиялар арқылы тиісті аумақта терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіреді.

Олардың шешімдерін іске асыру үшін тиісті комиссиялардың құрамына өкілдері кіретін органдардың құқықтық актілері шығарылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдары терроризмге қарсы іс-қимыл саласында шет мемлекеттердің органдарымен, халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен ұлттық заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес ынтымақтастық орнатады, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы немесе шет мемлекеттер аумағында жедел-іздестіру шараларын жүргізеді.

 Қазақстан Республикасы терроризм актісін кімнің қай жерде жасағанына қарамастан, террористік іс-әрекетке қатысты адамдарды басқа мемлекеттердің құзыретті органдарының сұратуы бойынша өз аумағынан қуғындайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге және қажетті көмек көрсетуге міндетті.

Қазақстан Республикасының азаматтары дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі туралы мәліметтерді терроризмге қарсы ісқимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға дереу хабарлауға міндетті.Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актілері туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру азаматтық борышты орындау болып бағаланады.

Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган сыйақы белгілейді және төлейді.

Қазақстан Республикасының аумағында: терроризмді насихаттауға; террористік ұйымдардың, сондай-ақ заңсыз әскерилендірілген құралымдардың құрылуына, тіркелуіне және жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының террористік іс-әрекетке қатысқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салуға құқығы бар. терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл:

терроризмнің қауіптілігін түсіндіру;

террористер өз көзқарастары мен идеяларын насихаттауды солардың көмегімен жүзеге асыратын нысандарды, әдістерді және амалдарды әшкерелеу;

қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыру;

терроризм профилактикасында терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының күш-жігерін біріктіру;

терроризмді қолдаудың әлеуметтік базасын қысқарту мақсатында жүзеге асырылады.

Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:

өз құзыреті шеңберінде терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық ісқимылды ұйымдастыруға және үйлестіруге;

осы қызметке бұқаралық ақпарат құралдары, заңды тұлғалар, азаматтық қоғам институттары, діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуын ынталандыруға;

қоғамда терроризмге қарсы сананы қалыптастыруға қатысуға міндетті.

Қазақстан Республикасының аумағына террористік материалдарды әкелуге, оларды басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын және террористік ісәрекет белгілері және (немесе) оны жүзеге асыруға, оның ішінде терроризм актісін жасауға шақыру қамтылған не осындай іс-әрекетті жүзеге асыру қажеттілігін негіздейтін немесе ақтайтын ақпараттық материалдарды прокурордың өтініші бойынша осындай талаптарды мәлімдеген прокурордың орналасқан жері бойынша немесе осындай материалдардың табылған жері бойынша сот оларды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым сала отырып, террористік деп таниды.

 Сот ұйымды террористік деп таныған және террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін оны тарату арқылы іс-әрекетіне тыйым салған, сондай-ақ ақпараттық материалдарды террористік деп таныған не террористік ісәрекетті жүзеге асырғаны үшін адамдарды жауапқа тартқан кезде өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға сот ақпараттық есепке алу құжаттарын дереу жіберуге міндетті.

Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдардың дәл және бірізді қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.

 Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 45 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.

Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады. Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Бұқаралық ақпарат құралдары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге міндетті.

Мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария eтуге, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға жол берiлмейдi.

Бұқаралық ақпарат құралын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында пайдалануға жол берілмейді.

Аталған заңның 13-бабына сәйкес - мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 «Прокуратура туралы» Заңының 23-бабына сәйкес прокурор заңға сәйкес бұзылған құқықтарды қалпына келтiру және мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа талаптық өтiнiш жасауға хақылы.

Прокурордың өтiнiшiне мемлекеттiк баж бен өзге де алымдар салынбайды. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 289- бабына сәйкес сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы істер жатады.

Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистiк немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiш бойынша iс жүргiзу Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне 36-2 тарауында қарастырылған.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 317-6- бабына сәйкес - Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы өтінішті прокурор осындай талаптарды мәлімдеген прокурордың орналасқан жері бойынша немесе осындай материалдардың табылған жері бойынша сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында береді.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 317-7- бабына сәйкес - өтiнiште Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экстремистік немесе террористік деп танылуы мүмкiн іс-әрекетті ұйымның Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында жүзеге асыруы фактiсiн не оның өз атауын өзгерткенінің, сондай-ақ ақпараттық материалдарда экстремизм немесе терроризм белгілерінің және (немесе) оған шақыру болуының фактісін растайтын мән-жайлар жазылуға тиiс.

 Прокурордың ұйымды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондайақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiшiнде қамтылған материалдар шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарынан алынған нақты деректердi де, соның iшiнде халықаралық соттардың және шет мемлекеттер соттарының сот шешiмдерiн де қамтуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 317-8- бабына сәйкес - Сот ұйымды экстремистік немесе террористік деп және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп танып, ұйымның ісәрекетіне тыйым салу және оны тарату және (немесе) ақпараттық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, онда басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға тыйым салу туралы, сондай-ақ ұйымның мүлкін тәркілеу және мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы шешім шығарады.

Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы сот шешімі бұл туралы мәліметтерді өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның арнайы есепке алу жүйесіне енгізу үшін негіз болады.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 55-бабына сәйкес - азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.

Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы бұл заңда көзделген, сондай-ақ прокурордың бастамасы бойынша қозғалған, мемлекеттің мүдделерін қозғайтын туралы істер бойынша міндетті. Сот қарайтын дауда талап қоюшы немесе жауапкер ретінде прокуратура органдарының мүддесін білдіретін прокурор тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін пайдаланады.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабына сәйкес - заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен, iс жүргiзу әрекеттерiнiң барысын және нәтижелерiн көрсететiн сот отырыстары хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 77-бабына сәйкес - әрбір дәлелдеме - қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан бағаналуға тиіс. Осы Кодекстің 16-бабына сәйкес судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды.

Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және әрбір мән-жайлар туралы ақиқатты даусыз айқындауға жол беретін және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 96- бабына сәйкес - сарапшының қорытындысы - сот немесе тараптар сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша сараптама объектілерін арнаулы ғылыми білімді пайдалана отырып жүргізілген зерттеуге негізделіп, осы Кодексте көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.

Сарапшы (сарапшылар) қажетті зерттеулер жүргізгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып, өз атынан қорытынды жасайды, оны өз (өздерінің) қол қоюымен және жеке мөрімен куәландырып, сараптама тағайындаған сотқа жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен расталады.

Сарапшының қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келіспеуі дәлелді болуға тиіс.

Астана қаласының прокуроры Астана қаласының Есіл аудандық сотына «И.....» ұйымын Қазақстан Республикасының аумағында террористiк іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды террористік деп танып, ұйымның жұмысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінген. ..... 2015 жылы прокурор өтініші сот өндірісіне қабылданып, азаматтық іс қозғалған. ..... 2015 жылы Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімімен «И.....» ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында террористiк ісәрекетті жүзеге асыратын ұйым деп танылып, ұйымның жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданған.

Қазақстан Республикасының сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпарат жүйесінде сот актілерінің болмауына байланысты осы аталған азаматтық іс апелляциялық, кассациялық тәртіпте қаралмаған.

Азаматтық іс жабық сот мәжілісінде өтуіне байланысты сот шешімі Қазақстан Республикасының сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпарат жүйесіне салынбаған. Есіл аудандық соты осы санаттағы істі қарау барысында прокурордың өтінішінің заңдылығын,

іс бойынша ұсынған дәлелдемелерін, сот сараптамасының қорытындысын басшылыққа ала отырып, заңды, дұрыс шешім қабылдаған.

Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк іс-әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистiк немесе террористік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы өтiнiш бойынша іс жүргізу туралы Қазақстан Республикасының соттарының 2015 жылы қаралған азаматтық істер жөніндегі сот практикасын қорыту барысында Қазақстан Республикасының соттарында осы зерделеніп отырған санаттағы азаматтық істі қарау барысында сот тарабынан қандай да бір кемшіліктер анықталмады.

Сот осы істі қарау барысында бірыңғай сот практикасын ұстанған, жан-жақты Заңдарды қолдана отырып ҚР АІЖК-нің талаптарын орындаған. Прокурордың өтініші түскеннен бастап, тез арада, екі күн ішінде шешім шығарып, оны уақытылы, орындауға құзырлы органдарға жіберген.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы