Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы   

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аквашаруашылық – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызмет;

      2) аквашаруашылық объектілері – аквашаруашылық субъектілері көбейтетін және (немесе) күтіп-ұстайтын, өсіретін балықтар, су моллюскалары және шаян тәрізділер;

      3) аквашаруашылық объектілерінің құртшабақтары – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге, сондай-ақ су айдындарына балық жіберуге арналған олардың ұрықтандырылған уылдырығы, дернәсілдері, шабақтары, бір жылдық және екі жылдық шабақтары;

      4) аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) – зерттеулер мен ғылыми деректер, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің, балық өсіру тоғандарының, балық өсіру бассейндерінің ағымдағы жай-күйі мен әлеуетін бағалау, сондай-ақ аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты технологияларды қолдану нәтижесінде әзірленген ғылыми негізделген ұсынымдар кешені;

      5) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – аквашаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) аквашаруашылық субъектілері – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      7) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі – уәкілетті органның аквашаруашылықтың дамуын мониторингтеу мен талдауға, аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізуге және аквашаруашылық объектілерінің, оның ішінде оларды қайта өңдеу өнімдерінің қадағалануына, сондай-ақ аквашаруашылық саласында деректер мен мәліметтерді жинауға және қалыптастыруға, цифрландыруды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйесі;

      8) балық өсіру – аквашаруашылықтың балықты көбейтуге және (немесе) күтіп-бағуға, өсіруге байланысты бағыты;

      9) балық өсіру бассейні – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге арналған, жерге батырып орнатылмаған сыйымдылық және (немесе) конструкция;

      10) балық өсіру объектілері – су қорғау белдеуінде салынатын, техникалық персоналдың болуы, уылдырықты инкубациялау, аквашаруашылық объектілерінің құртшабақтарын өсіру, аквашаруашылық өнімін, азық-жемді, аулау құралдарын, арнаулы құрылғыларды(тор қоршамаларды) сақтау, сондай-ақ аквашаруашылық объектілерін қорғау үшін жабдықты орналастыруға арналған күрделі емес құрылысжайлар (мобильді кешен, бір шатырдың астына алынған немесе жеке тұрған контейнер түрінде жасалған құрылыстар);

      11) балық өсіру тоғаны – аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге арналған жасанды түрдегі технологиялық су айдыны, оған су шаруашылығы және (немесе) гидротехникалық құрылысжайлар немесе өзге де құрылғылар арқылы су толтырылады;

      12) тұйықталған сумен жабдықтау қондырғысы – аквашаруашылықты жүргізу үшін суды тиімді пайдалану мақсатында механикалық және биологиялық тазарту мен өзге де компоненттер қолданыла отырып, суды тұйықталған цикл бойынша айналдыру жүйесі бар қондырғы.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 12 маусымдағы № 193-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы