Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 1-қосымша 1-бөлім. Қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу міндетті болып табылатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен объектілердің тізбесі

1-қосымша 1-бөлім. Қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу міндетті болып табылатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен объектілердің тізбесі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2021 жылғы 2 қаңтардағы

№ 400-VI ҚРЗ

Қазақстан Республикасының

Экология кодексіне

1-қосымша

 

1-бөлім. Қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу міндетті болып табылатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен объектілердің тізбесі

      1. Энергетика:

      1.1. мұнай өңдеу зауыттары (шикі мұнайдан жағармай материалдарын ғана өндіру жөніндегі кәсіпорындарды қоспағанда);

      1.2. газ өңдеу зауыттары;

      1.3. өнімділігі тәулігіне 500 тонна және одан көп болатын газдандыруға және көмір мен битумдық тақтатастарды сұйылтуға арналған қондырғылар;

      1.4. күйдіру немесе графиттеу арқылы көмірді немесе электрографитті жоғары температурада карбондау (құрғақ айдау) арқылы көміртегін өндіруді қоса алғанда, тас көмірді немесе битумдық тақтатастарды термиялық немесе химиялық қайта өңдеу жөніндегі қондырғылар;

      1.5. белгіленген қуаттылығы 300 мегаватт (МВт) және одан көп болатын жылу электр станциялары және отынды жағуға арналған басқа да қондырғылар;

      1.6. атом электр станциялары және басқа да атом реакторлары, оларға осындай электр станцияларын немесе реакторларды бөлшектеу немесе пайдаланудан шығару (барынша қуаттылығы 1 киловатт (кВт) тұрақты жылу жүктемесінен аспайтын, бөлінетін және жаңартылатын материалдарды өндіруге және конверсиялауға арналған зерттеу қондырғыларын қоспағанда) кіреді;

      1.7. сәулеленген ядролық отынды қайта өңдеуге арналған қондырғылар;

      1.8. мыналарға:

      1.8.1. ядролық отын өндіруге немесе байытуға;

      1.8.2. сәулеленген ядролық отынды немесе жоғары радиоактивті қалдықтарды өңдеуге;

      1.8.3. сәулеленген ядролық отынды түпкілікті жоюға;

      1.8.4. тек қана радиоактивті қалдықтарды түпкілікті жоюға;

      1.8.5. сәулеленген ядролық отынды немесе радиоактивті қалдықтарды өндіріс объектісі аумағының шегінен тыс басқа жерлерде тек қана ұзақ мерзімді (10 жылдан да астам кезеңге жоспарланған) сақтауға арналған қондырғылар.

      2. Жер қойнауын пайдалану:

      2.1. мұнай мен табиғи газды коммерциялық мақсаттарда өндіру, бұл ретте алынатын көлемі мұнайға қатысты тәулігіне 500 тоннадан және газға қатысты тәулігіне 500 мың м3 асады;

      2.2. карьерлер және 25 га асатын аумақта пайдалы қатты қазбаларды ашық өндіру немесе 150 га асатын аумақта шымтезек алу;

      2.3. жер қойнауынан алынған пайдалы қатты қазбаларды бастапқы қайта өңдеу (байыту);

      2.4. асбест өндіру жөніндегі объектілер;

      2.5. осы бөлімде көрсетілген бүлінген жерлерді және жер қойнауын пайдаланудың басқа да объектілерін рекультивациялау жөнінде жұмыстар жүргізу.

      3. Металдарды өндіру және өңдеу:

      3.1. металл кендерін (сульфидті кенді қоса алғанда) күйдіруге немесе агломерациялауға арналған қондырғылар;

      3.2. шойын мен болатты бастапқы балқыту жөніндегі интеграцияланған кәсіпорындар (комбинаттар);

      3.3. металлургиялық, химиялық немесе электролиттік процестер арқылы кеннен қышқылданбаған түсті металдарды, концентраттарды немесе қайталама шикізат материалдарын өндіру жөніндегі қондырғылар.

      4. Кендік емес минералдық заттарды қайта өңдеу:

      4.1. асбестті және құрамында асбест бар бұйымдарды өңдеуге және түрлендіруге арналған объектілер:

      4.1.1. асбест-цемент бұйымдары үшін – жылдық өндірісі 20 мың тонна дайын өнімнен көп;

      4.1.2. фрикциялық материалдар үшін – жылдық өндірісі 50 тонна дайын өнімнен көп;

      4.1.3. асбестті өзге де пайдалану үшін – жылына 200 тоннадан көп тұтыну.

      4.2. өнімділік қуаттылығы сағатына 40 тонна және одан көп асфальтбетон қоспалары мен битум өнімдерін өндіретін стационарлық зауыттар.

      5. Химия өнеркәсібі:

      5.1. интеграцияланған химиялық кәсіпорындар (зауыттар) – бірнеше технологиялық кезеңдер қосылған және химиялық өзгерту процестерін қолдана отырып, мынадай заттарды өнеркәсіптік ауқымда өндіру үшін бір-бірімен функционалды байланысқан технологиялық қондырғылардың жиынтығы:

      5.1.1. негізгі органикалық химиялық заттар, олар:

      қарапайым көмірсутектер (желілік немесе циклдік, қаныққан немесе қанықпаған, алифаттық немесе хош иісті);

      құрамында оттегі бар көмірсутектер: спирттер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, ацетаттар, қарапайым эфирлер, асқын тотықтар, эпоксидті шайырлар;

      күкіртті көмірсутектер;

      азотты көмірсутектер: аминдер, амидтер, азот қосылыстары, нитро қосылыстар немесе нитратты қосылыстар, нитрилдер, цианаттар, изоцианаттар;

      құрамында фосфор бар көмірсутектер;

      галогенделген көмірсутектер;

      органометал қосылыстар;

      негізгі пластикалық материалдар (полимерлер, синтетикалық талшықтар және целлюлоза базасындағы талшықтар);

      синтетикалық каучук;

      бояулар мен пигменттер;

      беткі-белсенді заттар;

      5.1.2. негізгі органикалық емес химиялық заттар, олар:

      газдар: аммиак, хлор немесе хлорлы сутек, фтор немесе фторлы сутек, көміртегі оксидтері, күкірт қосылыстары, азот оксидтері, сутегі, күкірт диоксиді, көміртегінің хлор тотығы;

      қышқылдар: хром қышқыл, фторлы сутек қышқылы, фосфор қышқылы, азот қышқылы, хлорлы сутек қышқылы, күкірт қышқылы, олеум, күкіртті қышқыл;

      сілтілер: аммоний гидрототығы, калий гидрототығы, натрий гидрототығы;

      тұздар: хлорлы аммоний, хлор қышқылды калий, көмірқышқылды калий, көмірқышқылды натрий, перборат, азотқышқылды күміс;

      бейметалдар, металл оксидтері немесе басқа органикалық емес қосылыстар: кальций карбиді, кремний карбиді;

      5.1.3. фосфор, азот немесе калий минералдық тыңайтқыштар (қарапайым немесе күрделі тыңайтқыштар);

      5.1.4. пестицидтер мен биоцидтер;

      5.1.5. биологиялық немесе химиялық процестер қолданылатын негізгі фармацевтикалық өнімдер;

      5.1.6. жарылғыш заттар;

      6. Қалдықтарды басқару:

      6.1. өртеу (инсинерациялау), химиялық өңдеу немесе полигонда көму арқылы қауіпті қалдықтарды жою жөніндегі объектілер;

      6.2. өнімділігі тәулігіне 100 тоннадан асатын, өртеу (инсинерациялау) немесе химиялық өңдеу арқылы қауіпті емес қалдықтарды жою жөніндегі объектілер.

      7. Целлюлоза-қағаз өндірісі:

      7.1. өнеркәсіптік қондырғылар, олар:

      7.1.1. ағаштан немесе соған ұқсас талшықты материалдардан целлюлоза өндіруге;

      7.1.2. өндірістік қуаттылығы тәулігіне 200 тонна және одан көп болатын қағаз және картон өндіруге арналған.

      8. Автомобиль, теміржол және әуе көлігі:

      8.1. алыс қатынастағы теміржол желілерін салу;

      8.2. негізгі ұшу-қону жолағының ұзындығы 2100 м немесе одан көп болатын әуежайлар салу;

      8.3. үздіксіз ұзындығы 10 км және одан көп болатын, І техникалық санаттағы ортақ пайдаланылатын жаңа автомобиль жолдарын салу және (немесе) қолданыстағыларын реконструкциялау.

      9. Су көлігі:

      9.1. суығыстырымдылығы 1350 тоннадан көп болатын кемелердің өтуіне жол беретін ішкі су жолдары және ішкі кеме қатынасына арналған порттар;

      9.2. суығыстырымдылығы 1350 тоннадан көп болатын кемелерді қабылдай алатын жағалау және шығару порттарымен (паром өткелдерінің айлақтарын қоспағанда) байланысты сауда порттары, тиеуге және түсіруге арналған айлақтар.

      10. Су ресурстарын басқару:

      10.1. өзен бассейндері арасында су ресурстарын бұру жөніндегі жұмыстар, бұл ретте бұрылатын су көлемі жылына 100 млн.текше метрден асады (су құбыры ауызсуын бұруды қоспағанда);

      10.2. ұсталатын немесе сақталатын судың жаңа немесе қосымша көлемі 10 млн.м3 асатын, суды ұстауға немесе тұрақты сақтауға арналған бөгеттер мен басқа да объектілер;

      10.3. алынатын немесе толықтырылып отыратын судың жыл сайынғы көлемі 10 млн. м3-ге балама немесе одан асатын жерүсті және жерасты суларын жинау немесе жерасты суын жасанды толықтыру жүйесін пайдалану;

      10.4. өнімділігі тәулігіне 30 мың м3 және одан көп болатын, елді мекендердің сарқынды суын тазартуға арналған қондырғылар.

      11. Мыналарға:

      11.1. ауыл шаруашылығы құсы үшін 50 мың бастан көп;

      11.2. шошқа (салмағы 30 кг көп) үшін 2 мың бастан көп;

      11.3. мегежіндер үшін 750 бастан көп құсты немесе шошқаны қарқынды асырау.

      12. Өзге де қызмет түрлері:

      12.1. диаметрі 800 мм-ден көп немесе ұзындығы 40 км-ден көп, газ, мұнай немесе химиялық заттар тасуға арналған құбырлар;

      12.2. қайта өңдеу көлемі тәулігіне 12 тонна өңделген өнімнен асатын, былғары мен терілерді илеуге арналған қондырғылар;

      12.3. кернеуі 220 киловатт және одан көп және ұзындығы 15 км-дан көп әуедегі электр беру желілерін салу;

      12.4. тамақ өнімдерін мыналардан өндіру мақсатында өңдеу және қайта өңдеу:

      12.4.1. дайын өнімді өндіру жөніндегі қуаттылығы тәулігіне 75 тоннадан асатын мал шикізаты (сүттен басқа);

      12.4.2. көлемі тәулігіне 200 тоннадан асатын сүт (жыл сайынғы негіздегі орташа көрсеткіш);

      12.5. қайта өңдеу қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан асатын, жануарлардың өлекселерін немесе мал шаруашылығы қалдықтарын жоюға және (немесе) кәдеге жаратуға арналған қондырғылар;

      12.6. сыйымдылығы 200 мың тонна және одан көп болатын, мұнай, мұнай-химия немесе химия өнімдерін сақтауға арналған қондырғылар, сондай-ақ белсенді сақтау көлемі 150 млн. м3-ден көп болатын табиғи газды жерасты сақтау.

      12.7. өндірістік қуаттылығы сағатына 150 кг-ден көп немесе жылына 200 тоннадан көп болатын, органикалық еріткіштерді пайдалана отырып заттарды, нәрселерді немесе өнімдерді беткі өңдеуге арналған, атап айтқанда әрлеуге, басып шығаруға, жабуға, майсыздандыруға, гидрооқшаулауға, калибрлеуге, бояуға, тазартуға немесе сіңіруге арналған қондырғылар. 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ КОДЕКСІ  2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Кодексі. 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 340-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау