10-1-бап. Оңайлатылған іс жүргізудің ерекшеліктері Закона Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей
1. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 5), 6), 11) және 13) тармақшаларында көзделген, жеке тұлғадан қырық айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар қабылданады.
2. Атқарушылық құжат оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңда көзделген мерзімде орындалмаған жағдайда, осы Заңның 138-бабының 1-тармағына сәйкес орындалады.
3. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде борышкер атқарушылық құжаттың талаптарын оңайлатылған тәртіппен орындаудан бас тартуға құқылы.
Бас тартылған жағдайда атқарушылық құжат сот орындаушысына орындауға беріледі.
4. Аумақтық органның қаулысы мен оңайлатылған іс жүргізу бойынша шығарылған қаулының сот орындаушысының қаулысымен мəні бірдей болады.
5. Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Закон Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года № 261-IV.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII ҚРЗ
Президент
Республики Казахстан
© 2012. РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан» Министерства юстиции Республики Казахстан
Конституция Закон Кодекс Норматив Указ Приказ Решение Постановление Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела