Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-4-бап. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесі  Электр энергетикасы туралы Заңы

10-4-бап. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесі  Электр энергетикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-4-бап. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесі  Электр энергетикасы туралы Заңы 

      1. Электр энергиясын өндіру, беру және электр энергиясымен жабдықтау процесінде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрмен жабдықтаудың сапасы мен көлемі, электр энергиясын тұтыну режимдері, қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жабдықтың, электр желілерінің және өзге де мүліктің жай-күйі, көрсетілген мүлікті жаңғырту, жөндеу, реконструкциялау, ауыстыру жөніндегі шаралар, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясының ысырабын азайту жөніндегі шаралар, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану технологияларын ендіру жөніндегі шаралар туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпаратты береді. 

      2. Электр энергиясын өндіру, беру, тұтыну және электр энергиясымен жабдықтау процесіне қатысатын электр энергетикасы объектілерін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің аспаптарымен жарақтандыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету уәкілетті орган бекітетін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі қағидаларында айқындалады. 

      3. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады: 

      1) электр энергетикасының жай-күйі және даму болжамы туралы ақпаратты жинау, өңдеу; 

      2) электр энергетикасының даму болжамын қалыптастыруды қамтамасыз ету; 

      3) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету. 

      4. Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларында мыналар: 

      1) деректерді жинау, өңдеу, мониторингтеу және талдау тәртібі; 

      2) электр энергетикасын ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптар; 

      3) энергетикалық ресурстарды коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қойылатын талаптар; 

      4) технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне қойылатын талаптар; 

      5) коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі үшін серверлік жабдыққа және операциялық жүйеге қойылатын техникалық талаптар; 

      6) электр энергетикасын есепке алудың интеллектуалдық жүйесінде ақпаратты беру технологиясына қойылатын талаптар; 

      7) электр энергетикасын есепке алуды жүзеге асыратын және есепке алу аспаптарын қосу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдарына, өзге де жабдықтарға және материалдық емес активтерге қойылатын талаптар да айқындалады. 

      5. Электр энергиясын өндіру, беру және электр энергиясымен жабдықтау процесінде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өздерінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қолжетімділік беруге және оларды уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялауға міндетті.

      Осы Заң электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы