10-5-бап. Оңайлатылған іс жүргізуді тоқтатудың негіздері мен салдары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы
1. Оңайлатылған іс жүргізу, егер:
1) атқарушылық құжаттың талабы толық көлемде орындалса;
2) тиісті органның атқарушылық құжатты беруге негіз болған шешімінің күші жойылса;
3) борышкер уәкілетті органның (лауазымды адамның) шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік жауаптылықтан немесе қолданылған әкімшілік жазадан босатылса, тоқтатылады.
2. Оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінде дереу қаулы шығарады.
3. Тоқтатылған оңайлатылған іс жүргізуді оңайлатылған тәртіппен қайта бастауға болмайды.
4. Оңайлатылған іс жүргізуді тоқтатумен бір мезгілде оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар автоматты түрде жойылады.
5. Оңайлатылған іс жүргізу тоқтатылған жағдайда, орындалмаған инкассолық өкімдер атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған цифрлық жүйесінде автоматты түрде кері қайтарып алынады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен dated July 1, 2026, No. 330-VIII SAM
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы