Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы және құрамы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

10-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы және құрамы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы және құрамы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Сыныптама объектілеріне топтастыру кодтарын бере отырып, бюджет түсімдері мен шығыстарын функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру бірыңғай бюджеттік сыныптама болып табылады.

      2. Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.

      3. Бірыңғай бюджеттік сыныптамада:

      1) бюджет түсімдерінің сыныптамасы;

      2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;

      3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы қамтылады.

      4. Бірыңғай бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, облыстық мәслихат, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаты, аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешімдері негізінде жасалады.

      Жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы өзгерген жағдайда әкімнің шешімі бойынша бірыңғай бюджеттік сыныптамаға тоқсанына бір реттен асырмай, тоқсанның соңғы айында өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      5. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      6. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен. 

10-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. 

      2. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі. 

      3. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттің бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. 

      4. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. 

      Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылысымен республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі. 

 

    Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы