10-бап. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметі Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы
1. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметі бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі, биологиялық негіздеме және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспары болған кезде жүзеге асырылады.
2. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган бекіткен қағидаларға және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес конкурс қорытындысы бойынша уәкілетті органның шешімімен бекітіп беріледі.
Балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жатқызылған су айдынында және (немесе) оның бір бөлігінде барлық су айдынын пайдалану құқығынсыз көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу құқығын беру балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру болып табылады.
Қатысушы конкурсқа қатысу үшін уәкілетті орган бекіткен қағидаларда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде кепілді жарна енгізеді.
3. Уәкілетті орган конкурсқа шығарылатын резервтегі балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімін қалыптастырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3-тармақтың екінші бөлігінің қолданысы 01.01.2027 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде бұл бөлік осы Заңның 23-бабы 4-тармақтағы редакцияда қолданыста болады.
Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтегі балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімі су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясымен келісілгеннен кейін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі, уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстары арқылы ашық қолжетімділікте орналастырылады.
4. Конкурс қорытындысы бойынша уәкілетті орган конкурс жеңімпазымен уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шартын жасасады.
Аквашаруашылық субъектісі көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шартын жасасқаннан кейін ол жасалған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес биологиялық негіздемені әзірлеуді және уәкілетті органмен келісуді қамтамасыз етуге міндетті.
Аквашаруашылық субъектісі биологиялық негіздеме келісілген күннен бастап бір ай ішінде уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарын бекітеді.
5. Жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі және (немесе) уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде толық орналасқан, конкурсқа шығарылатын резервтегі балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізіміне енгізілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері олардың өтінімі бойынша уәкілетті орган бекіткен қағидаларға және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес уәкілетті органның шешімімен конкурс өткізілмей оларға бекітіп беріледі.
Екі және одан да көп жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі және (немесе) уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерінде орналасқан, конкурсқа шығарылатын резервтегі балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізіміне енгізілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері уәкілетті орган бекіткен қағидаларға және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес және басқа меншік иелері және (немесе) жер пайдаланушылар көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру құқығынан жазбаша бас тартқан жағдайда уәкілетті органның шешімімен оның өтінімі бойынша конкурс өткізілмей олардың біреуіне бекітіп беріледі.
6. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мерзімі он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімді құрайды, ол су айдындарын және (немесе) учаскелерді паспорттау негізінде айқындалады.
7. Аквашаруашылық субъектісінің көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кешіктірмей және үш жылдан ерте емес мерзімде жаңа шарт жасасуға құқығы бар. Жасалған шартты тиісінше орындаған және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган аквашаруашылық субъектісімен көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға жаңа шарт жасасады. Бұл ретте көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған жаңа шарт бұрын жасалған шарттың мерзімінен немесе балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспортында көрсетілген мерзімнен аспайтын мерзімге жасалады.
Жаңа шарт жасауға өтінім берген кезде аквашаруашылық субъектісінде келісілген биологиялық негіздеме болуы және ол уәкілетті органмен келісу бойынша көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға жаңа шарт жасасқан күннен бастап бір ай ішінде уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарын бекітуге міндетті.
8. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт мынадай жағдайларда:
1) аквашаруашылықты жүргізуден ерікті түрде жазбаша бас тартылғанда;
2) аквашаруашылық субъектісінің қызметі тоқтатылғанда;
3) шарттың талаптары және (немесе) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасының талаптары күнтізбелік екі жыл ішінде үш рет және (немесе) одан да көп бұзылғанда;
4) осы баптың 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген міндеттемелер орындалмағанда;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылғанда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
9. Аквашаруашылық субъектілері осы баптың 8-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген немесе осы Заңның 11-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайларда көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жосықсыз аквашаруашылық субъектілері тізіліміне (бұдан әрі – жосықсыз аквашаруашылық субъектілері тізілімі) енгізіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 9-тармақтың екінші бөлігінің қолданысы 01.01.2027 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде бұл бөлік осы Заңның 23-бабы 4-тармақтағы редакцияда қолданыста болады.
Жосықсыз аквашаруашылық субъектілері тізілімін уәкілетті орган соттардың заңды күшіне енген шешімдері негізінде аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады.
Жосықсыз аквашаруашылық субъектілері тізіліміне енгізілген тұлғалар, сондай-ақ басшылары мен құрылтайшылары жосықсыз аквашаруашылық субъектілері тізіліміндегі заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысы бар заңды тұлғалар жосықсыз аквашаруашылық субъектілері тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беруге өтінім беруге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 12 маусымдағы № 193-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы