10-бап. Қуаңшылықтың жағымсыз салдарына бейімделу және жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбау шаралары Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Ұзақ уақыт бойы атмосфералық жауын-шашынның жеткіліксіз болуына, өзендер ағынының азаюына және жерүсті мен жерасты сулары деңгейінің төмендеуіне байланысты су ресурстары тапшы болатын, соның салдарынан топырақтың құрғауы, өсімдіктер мен су жануарларының зақымдануы, қурауы, қырылуы, су объектілерінің сарқылуы болатын табиғи құбылыс қуаңшылық деп түсініледі.
2. Қуаңшылықтың жағымсыз салдарына бейімделу және жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбау үшін шаралар жүйесі әзірленеді, онда қуаңшылық қаупін болжау мен бағалау және оған ден қою шаралары қамтылады.
3. Қуаңшылық қаупін болжау және бағалау, сондай-ақ оның жағымсыз салдарын барынша азайтуға бағытталған негізгі іс-шаралар су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарларында айқындалады.
4. Қуаңшылықтың жағымсыз салдарына бейімделу және жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбау жөніндегі негізгі шараларға:
1) атмосфералық жауын-шашын деңгейіне, топырақтың ылғалдылығына, халықтың және экономика салаларының су ресурстарын пайдалануына жүйелі мониторинг жүргізу;
2) қуаңшылық болған кезеңдерде, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін және жайылымдарды суландыру үшін пайдалану мақсатында тасқын және еріген суларды жинау және сақтау жөніндегі шараларды әзірлеу және ендіру;
3) ауыл шаруашылығы дақылдарын суару немесе өзге де су тұтыну үшін балама су көздерін пайдалану;
4) суды үнемдеудің жаңа технологияларын пайдалану;
5) топырақ эрозиясын барынша азайтуға бағытталған ауыл шаруашылығы дақылдарының ауыспалы егісін жоспарлау және қуаңшылық болған жылдары қуаңшылыққа төзімді дақылдарды егу;
6) егісті қорғайтын ағаш өсіруді жүзеге асыру, орман қорын сақтау және кеңейту;
7) қуаңшылықтың жағымсыз салдарына бейімделуге және жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбауға бағытталған өзге де іс-шаралар жатады.
5. Тасқын және еріген суларды жинау және сақтау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және құрылысжайларды жобалау кезінде жерасты су тұтқыш белдеулерде немесе герметикалық резервуарларда сақтау жолымен судың буланып ысырап болмауын барынша қамтамасыз ететін шараларға артықшылық берілуге тиіс.
Жерасты су тұтқыш белдеулерінде немесе герметикалық резервуарларда суды сақтау техникалық-экономикалық тұрғыдан орынсыз болған кезде ғана осы мақсаттар үшін су қоймаларын салуға жол беріледі.
6. Су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарларына енгізілген, қуаңшылықтың жағымыз салдарына бейімделу және жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбау жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ өңірлік жағдайлардың ерекшеліктері ескерілген өзге де іс-шаралар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларында көзделеді.
Бір су шаруашылығы бассейнінің аумағына кіретін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қуаңшылықтың жағымсыз салдарына бейімделу және жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбау жөніндегі іс-шаралары өзара келісілуге және үйлестірілуге тиіс.
7. Қуаңшылыққа және су тапшылығына ұшыраған аумақтарда куаңшылық кезеңінде бассейндік кеңестердің ұсынымдары бойынша мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде су ресурстарын пайдалануға байланысты кейбір қызмет түрлеріне шектеулер енгізуі, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес басымдықтар енгізуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
10-бап. Қазақстан Республикасының су және өзге де заңдарымен реттелетiн су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Қазақстан Республикасының су заңнамасы су қорын пайдалану мен қорғау, су қорын және су шаруашылығы жүйелерiн басқару, сумен жабдықтау және су бұру, бөгеттердің қауіпсіздігі, гидромелиорациялық жұмыстарды жүргiзу саласындағы қатынастарды және өзге де су қатынастарын реттейдi.
2. Су объектiлерiн пайдалану мен қорғау кезiнде туындайтын жерге, орманға, өсiмдiк пен жануарлар дүниесiне қатысты қатынастар арнайы заңдармен және осы Кодекспен реттеледi.
3. Су объектiлерiнiң экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен табиғи су экологиялық жүйелерiне шаруашылық және өзге де қызметтiң зиянды әсерiн болғызбау кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасымен, сондай-ақ осы Кодекспен реттеледi.
4. Жepасты суларын мемлекеттік геологиялық зерттеу және барлау, жерасты құрылысжайларын судың зиянды әсерінен қорғау саласындағы қатынастар тиісінше "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасымен реттеледi.
5. Бөгеттердің қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді қоспағанда, су объектiлерiндегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасымен реттеледi.
6. Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының су көлiгi саласындағы заңдарымен реттеледi.
7. Теңiз суларын пайдалану саласындағы қатынастар осы Кодекспен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
8. Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауға байланысты қатынастар осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 № 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.04.2014 № 189-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы