10-бап. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері Газ және газбен жабдықтау туралы Заңы
1. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ тұтыну жүйелерінің, автогаз құю станцияларының және сұйытылған мұнай газын тасуға, сақтауға, өткізуге және тұтынуға арналған өзге де технологиялық объектілердің жиынтығын білдіреді.
2. Сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілері мемлекеттік немесе жеке меншікте болуы мүмкін.
3. Мыналар:
1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;
2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну және (немесе) одан әрі өткізу үшін әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;
4) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі газ толтыру станцияларының, газ толтыру пункттерінің, топтық резервуарлық қондырғылардың және автогаз құю станцияларының осындай объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын иелері;
6) сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушылар сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің субъектілері болып табылады.
Нақ сол тұлға бір мезгілде газ толтыру станциясының, газ толтыру пунктінің, топтық резервуарлық қондырғының және (немесе) автогаз құю станциясының иесі бола алады.
3-1. Сұйытылған мұнай газын өндірушінің өндірістік объектісіне кіретін жекелеген технологиялық объектілер (резервуарлық парк, сұйытылған мұнай газын автомобильмен және теміржолмен құю эстакадалары) салынуы мүмкін және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі болуы мүмкін.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары сұйытылған мұнай газын өндірушілерді есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.
5. Мыналарға:
1) екі және одан көп жеке және (немесе) заңды тұлғаның бір мезгілде нақ сол газ толтыру станцияларын пайдалануына;
2) газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттері иелерінің сұйытылған мұнай газын сақтауға, қотару мен құюға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілерді, инженерлік құрылысжайларды үшінші тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға беруіне;
3) сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары жер үстінде орналасқан модульдік (моноблок) және (немесе) стационарлық типтегі автогаз құю станцияларын салуға немесе орналастыруға, пайдалануға;
4) жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай келмейтін автогаз құю станцияларын осындай учаскелерде салуға тыйым салынады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында тек сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары жер астында орналасқан стационарлық типтегі автогаз құю станцияларын салуға және пайдалануға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында газ және газбен жабдықтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы