10-бап. Жер қойнауын пайдалануға байланысты ұғымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Жер қойнауын пайдалануға байланысты ұғымдар:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен жер қойнауын пайдалану және (немесе) су пайдалану құқығын берудің басқа түрлері де жатады.
Бұл ретте осы Кодексте пайдаланылатын "барлауға арналған келісімшарт", "өндіруге арналған келісімшарт", "бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт" және "барлауға немесе өндіруге арналған лицензия" деген терминдер "жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт" деген ұғымға сәйкес келеді, "барлау мен өндіруге арналған келісімшарт" деген термин "бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт" деген ұғымға сәйкес келеді;
2) жер қойнауын пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану және (немесе) су пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығына ие жеке немесе заңды тұлғалар.
Бұл ретте:
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар деп жер қойнауын геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықтарды барлауға және өндіруге, жер қойнауын ағынды суларды ағызу үшін барлауға байланысты, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылысжайларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар танылады;
мұнай операциялары деп көмірсутектерді барлау, өндіру, қажетті технологиялық және өндірістік объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар танылады;
3) келісімшарттан тыс қызмет – жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелерінде тікелей көзделмеген қызметі, кез келген өзге де қызмет;
4) келісімшарттық қызмет – жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын қызметі;
5) көмірсутектерді дайындау – көмірсутектерді дайындайтын технологиялық процестер кешені, оның ішінде ұңғыма сұйықтығын жинау, оны дайындауға жеткізу, оның өлшегіш қондырғыларына түсуі, газсыздандыру, сусыздандыру, тұзсыздандыру, тұрақтандыру, меркаптансыздандыру;
6) мемлекет атынан алушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және (немесе) осы Кодекстің 755-бабында көзделген, өнімдерді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген салықтық міндеттемені орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды алушы ретінде мемлекет атынан әрекет ететін заңды тұлға;
7) минералды шикізат – құнарсыздануды есепке алмағанда, жер қойнауының жер үстіне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бір бөлігі (тау-кен жынысы, кен шикізаты және басқалар);
8) минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеу (байыту) – тау-кен өнеркәсібі қызметінің түрі, ол:
өндірілген жерінде жинауды, бөлшектеуді немесе ұсақтауды, сыныптауды (сұрыптауды), брикеттеуді, агломерациялауды және физикалық-химиялық әдістермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералды нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйін, кристалдық-химиялық құрылымын сапалық жағынан өзгертпестен) қамтиды;
пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстардың арнаулы түрлері (жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сілтісіздендіру, ұсақ тау-кен жынысы бар кен орындарын түйіршіктеу және гидравликалық жолмен игеру) болып табылатын өңдеу технологияларын қамтуы мүмкін;
9) оператор – өнімдерді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құратын немесе айқындайтын заңды тұлға;
10) өндіру – көмірсутектерді, минералды шикізатты немесе пайдалы қатты қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығарумен және (немесе) пайдалы қазбалар жатқан жерлерден, оның ішінде техногендік минералды түзілімдерден оларды бөліп алумен тікелей байланысты, сондай-ақ жерасты суларын алумен байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;
11) пайдалы қазбалар – химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері оларды материалдық өндіру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) өзге де мұқтаждықтарға тікелей немесе өңдеуден кейін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералды түзілімдер, көмірсутектер мен жерасты сулары, сондай-ақ құрамында пайдалы құрауыштар бар табиғи минералды түзілімдер мен органикалық заттар.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
10-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы қағидаты Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер міндетті түрде ресми жариялануға жатады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы