Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 100-1-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

100-1-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

100-1-бап. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган және оның жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

      1. Инновациялық және технологиялық даму саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган болып табылады. 

      2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган: 

      1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 

      1-1) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастырады және іске асырады; 

      2) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындайды; 

      3) технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларын келіседі; 

      3-1) инновациялық және технологиялық даму бөлігінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келіседі; 

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді; - Алынып тасталд Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 27 қыркүйектегі № 220-VIII ҚРЗ 

      4-1) технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуі, технологиялық тұғырнамаларды ұйымдастыру және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді; 

      5) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      6) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      7) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      8) алып тасталды - ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      9) инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      9-1) бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      9-2) жобалар инновациялылығының өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді; 

      9-3) цифрлық трансформация және Индустрия 4.0-ді енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады; 

    9-4) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясаттың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      10) құзыреті шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және оған жауапты болады; 

      11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

 

Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)   Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы