100-бап. Жұмыссыз адамды есептен шығару Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
1. Мансап орталығы жұмыссыз адамды (әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелетін және есептен шығарылатын адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда:
1) мансап орталығы ұсынған лайықты жұмыстың үш нұсқасынан бас тартқанда немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелгеннен кейін лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы мансап орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын адам – кент, ауыл, ауылдық округ әкімін уақтылы хабардар етпегенде;
2) мынадай:
мансап орталығы хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орны бойынша;
мансап орталығына жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін шақыру бойынша үш жұмыс күні ішінде дәлелді себептерсіз келмегенде;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетінше тоқтатқанда;
4) жұмыссыз адамның осы Кодексте және жұмыс іздеуші адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында көзделген мансап орталығына бару немесе оны хабардар ету мерзімдерін дәлелді себептерсіз бұзғанда;
5) егер бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаса, жұмыссыз адам заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталғанда не мәжбүрлеп емдеуге жіберілгенде;
6) осы Кодекстің 99-бабының 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда;
7) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) – 4) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң ғана мансап орталығына жұмыссыз адам ретінде қайта тіркеле алады.
2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы