Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 103-бап. Екi кезеңдiк рәсiмдер арқылы өткізілетін конкурс Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

103-бап. Екi кезеңдiк рәсiмдер арқылы өткізілетін конкурс Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 103-бап. Екi кезеңдiк рәсiмдер арқылы өткізілетін конкурс Мемлекеттік мүлік туралы Заңы 

      1. Екi кезеңдiк рәсiмдер арқылы болатын конкурс баға басымдығын және (немесе) жекешелендiрудің өзге де талаптарын айқындайтын, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша тәуелсіз консультанттың қатысуымен өткiзiледi. 

      2. Конкурс мынадай iс-шаралар жоспарын: 

      1) жекешелендіру объектісіне жан-жақты талдау жүргізу үшін осы Заңның 100-1-бабында белгіленген тәртіппен тәуелсіз консультантты тартуды, оның құнын бағалауды және әлеуетті сатып алушылар (инвесторлар) үшін сату объектісі туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыруды; 

      2) сатушының жекешелендіру объектісін сату туралы хабарламаны мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жариялауын, сондай-ақ тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуін; 

      3) тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстары бар өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастыруын; 

      4) келiссөздер барысында ең үздік ұсыныстарды ұсынған кемiнде екi әлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында, өтiнiмдер тiзбесi бойынша сатушының тәуелсіз консультанттың қатысуымен әлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргізуін (конкурстың бірінші кезеңін); 

      5) сатушының тәуелсіз консультанттың қатысуымен, конкурстың бiрiншi кезеңiнiң жеңiмпаздарымен бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту тұрғысынан келiссөздер жүргізуін (конкурстың екiншi кезеңiн) қамтиды. 

      3. Сатушы, тәуелсіз консультант және конкурстың барлық қатысушылары өткiзілген келiссөздердiң әрбiр кезеңiнiң қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды. 

      4. Конкурстың екінші кезеңінің барысында ең жоғары баға және (немесе) ең үздік шарттар ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор) конкурста ұтқан болып танылады. 

      5. Конкурстың жеңiмпазы сатушы белгiлеген мерзiмдерде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, ұсынысы конкурс жеңімпазының ұсынысынан кейін ең үздік болып танылған әлеуетті сатып алушымен (инвестормен) сатып алу-сату шартына қол қойылады. 

  6. Егер:

      1) конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға екеуден аз өтінім тіркелсе;

      2) конкурстың екінші кезеңіне екіден аз әлеуетті сатып алушы (инвестор) жіберілсе;

      3) конкурс жеңімпазы сатушы белгілеген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.

      Осы тармақта көзделген жағдайларда сатушы мен тәуелсіз консультант өткізілмеген конкурс туралы актіге қол қояды және жекешелендіру объектісі қайтадан конкурсқа шығарылады.

      7. Әрбір кейінгі конкурс алдыңғы конкурс күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей өткізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы. 

      Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы