103-бап. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
Мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы өз құзыреті шегінде:
1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
3) жетекшілік ететін бағыттарда технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және технологиялық платформаларды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға қарау үшін енгізеді;
4) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, сондай-ақ инновацияларды дамыту жөніндегі индикаторларға қол жеткізу туралы ақпаратты береді;
5) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын орындауды қамтамасыз етеді;
7) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 103-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы