Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 105-бап. Кандидатураны алып тастау, мәслихат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

105-бап. Кандидатураны алып тастау, мәслихат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

105-бап. Кандидатураны алып тастау, мәслихат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      1. Партиялық тiзiмге енгiзiлген адам аумақтық сайлау комиссиясына және саяси партияға бұл туралы жазбаша өтiнiшпен жүгіне отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.

      Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат өз кандидатурасын кері қайтарып ала алады, бұл туралы тиісті округтік сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді.

      2. Саяси партияның, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркеуге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта тиісті сайлау комиссиясына мәслихат депутаттығына кандидатты партиялық тізімнен шығару не кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жою туралы тиісті ұсынумен жүгіне алады.

      Қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркеуге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта округтік сайлау комиссиясына тиісті ұсынумен жүгіне отырып, мәслихат депутаттығына кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, тиісті сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамдарды шығарып тастайды, кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат дауыс беретін күнге екі күн қалғанда өз кандидатурасын алып тастай алмайды.

      4. Егер кандидатураны алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететін мән-жайларсыз жүргізілсе, аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстардың бір бөлігін оны ұсынған саяси партияның шотына жатқызуға мiндеттi. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы