Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 105-бап. Мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны үшін төлемақы Орман кодексі Қазақстан Республикасының

105-бап. Мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны үшін төлемақы Орман кодексі Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

105-бап. Мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны үшін төлемақы Орман кодексі Қазақстан Республикасының  

       Ескерту. 105-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 № 101-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

        1. Мемлекеттiк орман қорын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.  

       2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы орман пайдаланудың Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жекелеген түрлерi үшiн алынады.  

       3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы ормандардың пайдалы қасиеттерi, сапасы, жалпы пайдаланылатын жолдардан кеспе ағаштар аймағының қашықтығы, жер бедері және ағаш кесу түрлері ескерiле отырып белгiленедi.  

       4. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары, оны есептеу және оның сомаларын төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.  

       Бұл ретте, төлем ставкалары орман пайдалану түрлеріне және олардың өзгеше ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді, олар ауданы бойынша — гектармен (га), көлемі бойынша — тығыздық текше метрімен (м 3 ) немесе қаланған текше метрмен (қал. м 3 ), саны бойынша — түйірлеп, салмағы бойынша — килограммен (кг), центнермен (ц), тоннамен (т) жас (табиғи өсу) күйімен өлшенеді.  

      Ескерту. 105-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 № 101-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.   

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы