Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 105-бап. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

105-бап. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

105-бап. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы құрылыс жобасының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша сертификатталған сарапшылар жүзеге асырады. 

      2. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелері бойынша тапсырыс берушілермен жасалған шарт негізінде оң немесе теріс сараптама қорытындысы беріледі. Сараптама қорытындыларының өзге түрлерін беруге тыйым салынады. 

      Оң сараптама қорытындылары қаралған құрылыс жобаларын бекітуге негіз болып табылады. 

      3. Мыналар құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жатады: 

      1) мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылатын, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің көлемдерінде мемлекеттік меншік үлесін көздейтін ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама; 

      2) осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген, жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі объектілерді салуды қоспағанда, мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз қаржыландырылатын объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама. 

      4. Осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген құрылыс объектілері, сондай-ақ ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жатпайды. 

      5. Бекітілген құрылыс жобаларын қайта қолданған кезде, сондай-ақ жаппай құрылысқа арналған қолданыстағы үлгілік жобаларды байланыстыру кезінде осы жобаларды нақты жер мен жағдайларға байланыстыру бөлігінде құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізіледі. 

      6. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын құрылыс жобасын оң сараптама қорытындысынсыз бекітуге және одан әрі іске асыруға жол берілмейді. 

      7. Құрылыс жобасының тапсырыс берушісі өкілеттіктерін үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, осы құрылыс жобасы бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға тапсырыс беруші де болып табылады. 

      8. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік монополияға жатпайтын құрылыс жобаларының тапсырыс берушісі өз қалауы бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін кез келген сараптама ұйымын таңдауға құқылы. 

      9. Тапсырыс берушілер құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтік құжаттарда көзделген құжаттардың толық жинақталымын ұсынуға міндетті. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығына тапсырыс беруші жауапты болады. 

      10. Мемлекеттік инвестицияларсыз қаржыландырылатын, тапсырыс беруші құрылыс жобасының сметалық бөлігіне сараптама жүргізбеуге құқылы болатын құрылыс жобаларын қоспағанда, құрылыс жобасының жобалау бөлігі де, сметалық бөлігі де құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жатады. 

      11. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік сараптама ұйымы мен сараптама ұйымдары сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құрады, сондай-ақ мамандарды немесе мамандандырылған ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды тартуға құқылы. 

      Қаралатын құрылыс жобаларын дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама түрде қатысқан не оларды әзірлеген жобалау ұйымдарының өкілдері болып табылатын мамандарды немесе мамандандырылған ұйымдарды сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына енгізуге, сондай-ақ құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға өзге де нысанда қатысу үшін тартуға жол берілмейді. 

      12. Құрылыс жобаларына жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптама нәтижелерімен келіспеген кезде тапсырыс беруші сараптама қорытындысына сотқа шағымдануға құқылы. 

      13. Азаматтық істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде құрылыс жобаларына кешенді сараптаманың қорытындыларына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін. 

      14. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама сапасыз әзірленген және бұрын сараптамамен мақұлданған жобаға және (немесе) құрылыс барысында анықталған, бекітілген құрылыс жобасынан негізсіз ауытқуларға байланысты жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда да жүргізіледі. 

      15. Ерекше реттеуді және қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілері бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама ерекше реттеуді және қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. 

      Ерекше реттеуді және қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке жоспарларын әзірлеу және келісу тәртібі жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ бұрыннан барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында реттеледі. 

      16. Мемлекеттік сараптама ұйымы мен сараптама ұйымдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға сараптама қорытындыларын ұсынады.  

      17. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу процесін ұйымдастыру "бір терезе" қағидаты бойынша жобалардың әзірленуі мен сараптамасын ұйымдастыруға арналған портал алаңында жүзеге асырылады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы