107-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде суды есепке алуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Осы Кодексте және тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында белгіленбеген, суды есепке алу аспаптарына, суды есепке алу кезінде қолданылатын техникалық құралдарға, суды есепке алуды автоматтандыру, оның ішінде байланыс операторлары мен телекоммуникация желісін иеленушілердің энергия тұтынуын есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің құрамында автоматтандыру тәртібіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы, ақпараттандыру туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес айқындалады.
2. Суды және сарқынды суларды есепке алу аспаптарын пломбалауды сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым жүзеге асырады.
3. Су тұтынушыларды елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне суды есепке алу тораптарында суды есепке алу аспаптарын орнатпай қосуға (технологиялық жалғауға) жол берілмейді және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдар берген сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру үшін көппәтерлі тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) және өзге де объектілерді салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу жобаларында сезімталдық шегі ең төменгі шығыстың жартысынан аспайтын және деректерді қашықтан беретін, жоғары метрологиялық сыныбы салқын су үшін R динамикалық сипаттамасы 100-ден төмен емес және ыстық су үшін R динамикалық сипаттамасы 50-ден төмен емес (метрологиялық сыныбы B) болатын жалпы үйге ортақ және жеке суды есепке алу аспаптарын міндетті түрде орнату көзделеді.
Бұл талап жұмыс істемейтін немесе пайдалану мерзімі өткен суды есепке алу аспаптарын ауыстырған жағдайларға қолданылады.
5. Жаңадан пайдалануға берілетін көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) және өзге де объектілерде осы баптың 4-тармағында көрсетілген суды есепке алу аспаптары орнатылады.
Елді мекендердің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосылған көппәтерлі тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) және өзге де объектілерді суды есепке алу аспаптарынсыз пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.
6. Су тұтынушы суды есепке алу аспабы істен шыққан кезде күнтізбелік отыз күн ішінде жарамды суды есепке алу аспабын орнатуды қамтамасыз етеді.
Су тұтынушы сарқынды суларды есепке алу аспабы істен шыққан кезде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен келісілген, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде сарқынды суларды жарамды есепке алу аспабын орнатуды қамтамасыз етеді. Бұл мерзім сарқынды суларды есепке алу аспаптарын елдің шегінен тыс жерге түгендеп тексеруге және жөндеуге жіберу себебі бойынша ұзартылуы мүмкін.
7. Суды және (немесе) сарқынды суларды есепке алу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемін коммерциялық есепке алу тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есептік тәсілмен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
107-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшiн (оның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерiнде немесе олардың бөлiктерiнде, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалану және балық шаруашылығын жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес беріледі.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының осы Кодекске сәйкес су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдалануға алуға құқығы бар.
2. Балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн су объектiлерi немесе олардың бөліктері пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар:
1) бассейндік инспекциямен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша су объектiлерiнің немесе олардың бөліктерінің жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн балық жіберуді және балық шаруашылығы мелиорациясын және балық ресурстары мен басқа су жануарларының өсімін молайтуды жүргiзуге;
2) өздері пайдаланатын жерлерде су объектiлерiнің жағалауларын немесе олардың бөліктерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi.
3. Мемлекеттік табиғи қорықтар, балық питомниктері, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауызсумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін жеке тұлғалар белгiленген балық аулау қағидаларын сақтай отырып, әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшiн пайдалана алады.
Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы