108-бап. Ауызсудың сапасын және сарқынды сулардың құрамын өндірістік бақылау Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдар ауызсудың сапасын және елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың су бұру жүйелерінен елді мекеннің орталықтандырылған су бұру жүйесіне бұрылатын сарқынды сулардың құрамын өндірістік бақылауды жүзеге асырады.
2. Ауызсу мен сарқынды суларды зертханалық зерттеу мен сынауды Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.
3. Ауызсудың сапасын және сарқынды сулардың құрамына өндірістік бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленеді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
108-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Су объектiлерiн немесе олардың бөлiктерiн аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жергiлiктi өкiлдi органмен, бассейндік инспекциямен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша бередi.
2. Пайдалану режимi құстар мен су жануарлары жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын, көлдердi және басқа да су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су объектілерінің акваториясында орналасқан құрылыстарды пайдалану кезiнде сулы-батпақты алқаптардың қажетті гидрологиялық режимінің сақталуы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуге тиiс.
3. Балық шаруашылығы мелиорациясын жүргiзу, жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлері мекендейтiн жерлерде аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктерді су объектiлерiнде немесе олардың бөліктерінде өсiру бассейндік инспекциямен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша жүзеге асырылады.
4. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлері мекендейтiн жерлерде, сондай-ақ фаунаның өсімін молайту және оны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бассейндік инспекциямен, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша жеке тұлғалардың болуына, әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшiлiк аң аулауға, жағалау белдеуiнде құрылыс салуға және су объектiлерiнің немесе олардың бөліктерінің жай-күйiн нашарлататын басқа да әрекеттерге және аңшылық шаруашылығын жүргiзуге шектеу қоюы мүмкін.
Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы