Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде дауыстарды санау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде дауыстарды санау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде дауыстарды санау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      1. Учаскелiк сайлау комиссиясы аудандық (қалалық) және облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде дауыс беру нәтижелерi бойынша хаттамалар жасайды, олар дереу тиiстi сайлау комиссиясына (аудандық, қалалық, қаладағы аудандық, округтік) жіберіледі.

      Округтік сайлау комиссиялары сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелері жөніндегі хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жібереді.

      2. Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелерi бойынша округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау күнінен бастап екі күн мерзімнен кешіктірмей аудандық және қалалық мәслихаттарға депутаттар сайлау қорытындыларын белгілейді.

      3. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық, округтік сайлау комиссиялары учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттарын сайлау барысындағы дауыс беру нәтижелері бойынша хаттамалар жасайды, олар дереу жоғары тұрған сайлау комиссияларына жіберіледі.

      Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары көрсетілген хаттамалардың негізінде сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына депутаттарды сайлау нәтижелерін белгілейді. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы