11-1-бап. Республика Парламенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдар Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы Конституциялық заң
1. Парламенттің және оның Палаталарының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшін Республика Парламенті мен оның Палаталарының жанынан шешімдері ұсынымдық сипатта болатын консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін.
2. Консультативтік-кеңесші органдарды құру тәртібі Парламенттің және оның Палаталарының регламенттерімен айқындалады.
3. Парламент Палаталарының аппараттары Республика Парламенті мен оның Палаталары жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс органдары болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық заңы
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентiн ұйымдастыруды және оның қызметiн, оның депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы