11-1-бап. Ұлттық стратегиялық крипторезерв туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы Заңы
1. Ұлттық стратегиялық крипторезерв – цифрлық активтерге, базалық активі цифрлық активтер болып табылатын туынды қаржы құралдарына, сондай-ақ цифрлық активтерді дамытатын және (немесе) соларға инвестициялайтын компаниялардың акциялары мен үлестеріне инвестицияларды жүзеге асыру үшін құрылған қор.
2. Ұлттық стратегиялық крипторезервті басқаруды брокерлік, дилерлік көрсетілетін қызметтерді және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің акционерлік қоғамы жүзеге асырады.
3. Ұлттық стратегиялық крипторезервті басқару нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңеске қарауға ұсынылады.
4. Ұлттық стратегиялық крипторезерв активтерін инвестициялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы