11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы Заңы
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:
1) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды және жұмысты ұйымдастырады;
2) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес құрылатын жедел штабтар шеңберінде биологиялық қатерлерді болғызбау және олардың салдарларын жою жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды және биологиялық қатерлерді болғызбауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы